Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ayumi «бомба» болады деп уәде еткен бейнебаяндарын жарыққа шығарды (фото, видео)

Ayumi тобы осы күздің ең шулы туындысы болады деп уәде еткен бейнебаяндарын жарыққа шығарды. «Сен емес пе?» деп аталатын әнге түсірілген бейнебаянды бір тәулікке жетпестен 40 мыңнан аса адам тамашалап үлгерген.

14099354_1094949953913906_1487980733_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алуа Қонарованың қыздары бұл жолы сүйіктісінің көзіне шөп салып, өтірік айтып, өзге қызға қылымсып тұрған опасызға «сабақ» берді. Ал әйелқұмар жігіттің рөлін «Ринго» тобының әншісі Адылжан Омаров сомдаған. Ayumi-лық қыздар оны байлап, көліктің артына салып, әбден сазайын тарттырады. Осылайша, бойжеткендер бұл бейнебаянды қыз баласының қадірін білмейтін тәртіпсіз, опасыз жігіттерге арнады.

«Бомба» болады деп күтілген туындының әнін де сөзін де «Ринго» тобының солисі Батыр Байназаров жазған. Сондай-ақ, клип идеясының авторы да сол. Топ продюсері Алуа Қонарова Батырдың өлшеусіз еңбегін жоғары бағалап, алғыс айтты. Одан бөлек қиыншылықтарға төтеп беріп, шыдамдылық танытқан Адылжанға да ризашылығын білдірді.

14240445_1777672382501815_358325455_n

Ал желі қолданушылары: “Ayumi” – қазақ шоу-бизнесіне келген жаңа дәуір», «Шоу-бизнестің дамып жатқанына қуаныштымын», «Жарайсыңдар, қыздар!», «Бұл қазаққа тән емес» деген сөздерге дайын болыңдар», «Жарайсыңдар, хореография мен харизмаларың таңғалдырды», «2016 жылы эстрадамызда мәдени революция орын алғандай», «Ayumi» жарайсыңдар! «Кеш you»-ден озды», – деп пікір білдірді.

Жіберіп алмаңыз: 

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті

Продюсер Алуа Қонарованың шәкірттері бұдан былай Муз-ТВ-ның сыйлығына қатыспайды (фото)

Қайрат Нұртас досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берді

 

Талқылау