Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ayumi тобы «тәртіпсіз жігітке» сабақ бермек (фото, видео)

Ayumi тобы жаңа стильде, жаңа образда бейнебаян түсірді. Қыздар “Сен емес пе?” деп аталатын туындыда хореографияға жете көңіл бөлген.

Screenshot_9

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Hey la» әніне бейнебаян түсіру барысында хореографияға қатты дайындалдық. Алайда бұл бейнебаяндағы би мүлдем өзгерек. Қимыл-қозғалыстары да қиынырақ. Біз бұған ұзақ уақыт дайындалдық», – дейді топ солистері.
Топ солисі Әсел Жамақаева өзінің Инстаграмдағы парақшасында жаңа туындының «бомба» болатынын жазған еді. Сол сияқты топ продюсері Алуа Қонарова қыздардың ерекше образын таңдауға көп уақыт кеткенін атап өтті.

«Артық ештеңесі жоқ, ерекше аксессуарларды табу өте қиын. Сәнді минимализм стилін ұнатамын, сол себепті менің көңілімнен шығу да оңай емес», – деп жазды продюсер өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Клипмейкер Дастан Алдабектің айтуынша, қыздар беянебаянда «тәртіпсіз жігітке» сабақ бермек.
Қонарованың қыздары өзге жоспарларымен де бөліскен. Айтуларынша, туындының тұсаукесері сәтті өткеннен кейін, қыздар халықаралық музыкалық байқауға қатысады екен. Қазіргі уақытта қызу дайындық жүріп жатыр.

Естеріңізде болса, Алуа Қонарованың «қыздары» Батыр Байназаровпен бірге Hey la әніне беянебаян түсірген болатын. Жұрт қыздардың биіне тәнті қалғанын атап өтпеске болмас. Жаңа беянебаянның түсірілімі аяқталды. Демек оны телеэкраннан тамашалайтын сәт те алыс емес. Қыздар уәде еткендей, «бомба» бола ма, жоқ па, оны жақын арада білетін боламыз!

Жіберіп алмаңыз:

Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды

“Ayumi” тобының ерекше биін жұрт өздері биледі дегенге сенбей отыр (видео)

Танымал продюсер Алуа Қонарова бокспен айналыса бастады (видео)

Талқылау