Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аю мен бұғы балалары үшін бір-бірімен төбелесті (видео)

Америкадағы Флагстафф қаласының тұрғыны Шэннон Севилль аю мен бұғының төбелесін видеоға түсіріп алған.

Безымянный

Бұл туралы Haffington Post хабарлайды.

Аю бұғының баласына қарай жақындап, күш көрсетпек болады. Кішкентай бұғының шырқыраған дауысы анасының бірден назарын аударады. Оның жақын қалғанын байқаған жыртқыш бірден ағашқа өрмелеп шыққан. Ал қайтадан кері кеткен кезде аю қайта жерге түсіп, тағы да вапитаға жақындайды. Бұл жолы бұғы бірден аюға ұмтылады. Ал аю кішкентай бұғыны тастай қашады.

Севиль аюды орман арасымен көлікте кетіп бара жатып байқап қалғанын айтыпты.

“Мен ондай мүмкіндіктің өмірде бір-ақ берілетінін білдім. Және жануарларды жақсы көретіндер мұндай кадрды бағалайды деп ойлаймын”, – дейді ол. Видео Фейсбук желісінде жариялана салысымен 3 миллионға жуық адам қарапты.

Вапита – Солтүстік Америкада кеңінен таралған бұғы түрі.

Оқи отырыңыз:

Циркте өнер көрсетіп жатқан аю кенеттен көрермендерге шабуылдады (видео)

Қазақстандық палуан аса қауіпті трюкті орындап, Гиннес рекордтар кітабына енді (видео)

Арабтар Рамазан айымен ерекше тәсіл арқылы құттықтады (видео)

Қырғызстандық “Брюс Ли” ресейлік телешоуда жұртшылықты қайран қалдырды (видео)

Талқылау