Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов үшінші рет әке атанды

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов үшінші рет әке атанды. Келіншегі Жандарбекке шекесі торсықтай ұл сыйлады, деп жазады Stan.kz.

Сүйінші хабарды елге ақын Балғынбек Имашев жеткізді.

“Сүйінші, ағайын! Айтақынның Алтын сақасы, “Алтын домбыраның” иегері, Алаштың Алтын сөзді ақыны, Айтыстың Алтын жалды арғымағы – Жандарбек Бұлғақов бауырым үшінші нәрестесін сүйіп, ұлды болып жатыр!” – деп жазған ол Жандарбектің қуанышына орай бәйге жариялады.

Шарт бойынша, қатысушылар Балғынбек Имашевтің екі жолдан тұратын өлеңін жалғауы тиіс.

“І-орын 5 мың теңге
ІІ-орын 3 мың теңге
ІІІ-орын 1 мың теңге
Менің екі жол өлеңімді жалғап ең тапқыр сөз, немесе тілек, немесе әзіл айтқан 3 оқырманға сыйлық, әрі парақшасына жазылып, лайк басам. Қазылар алқасында Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова және қуаныш иесі Жандарбек Бұлғақов. Ал кеттік!
Жандарбек, құтты болсын атұстарың,
Ішінен тауып алған капустаның”, – деп жазды Имашев Instagram-дағы парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

“Қорқынышты фото”: Бозбала кездегі суретін жариялаған Димаш жұртты күлдірді

Төреғали мен Қайнар Алагөзов танымал журналистпен дауласып қалды

Гүлзира Айдарбекова келінін жылдар бойы жасыруының себебін ашып айтты

Мақпал Исабекова: Қыс жақындап қалды, тұрмысқа шыға салсам ба екен?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар