Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтыс өнері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Қазақстан мен Қырғызстан ұсынған айтыс  ЮНЕСКО қорғауындағы бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне алынды. Бұл шешім Намибияның Виндхук қаласында өткен отырыста қабылданды.

36cbec73e3d8ebd5bbc8a09d0d97a790-620x330

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізге белгілі айтыскерлер Б. Имашев пен А.Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердің сессияның отырысында айтыс өнерінің таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.

Қазақ пен қырғыз халықтарында айтыс – топ алдында табан астында суырып салып айтылатын, көбінесе домбырамен сүйемелденетін сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс көбінесе жиын, той, ас сияқты халық көп жиналатын жерде ұйымдастырылады. Айтыстың тақырыбын тыңдаушылар таңдайды. Айтыс жеңімпазын негізінен тыңдаушылар анықтайды.

Еске сала кетсек, Комиссияның былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» атты номинациялар енген болатын.

Талқылау