Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтпаева 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу туралы айтты

Мамыр айының соңында бала құқықтары жөніндегі бұрынғы уәкіл Зағипа Балиева 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынған еді.

Айтпаева 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу туралы: Ойлану керек

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда Балиеваның орнына келген Сәуле Айтпаева әріптесін қолдаған жоқ. Ол аталған мәселе туралы ойлану керектігін айтты.

«Жаңа туған және 3 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайтыны анық. Бұл міндет қарастырылған. Ал балабақша жасындағы балаларға келсек, мұнда әр жағдайға жекелей қарау керек. Бүгінде мұндай жалпы қағида болатыны туралы ойлану керек», – дейді Сәуле Айтапаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау