Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйемін сені дегім келеді": Жанар Хамитова мен Рысбек Аташ жаңалығын бөлісті

Жанар Хамитова мен Рысбек Аташ дуэт құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанар

Жаңалықты алғашқылардың бірі болып Сиви Махмұди өзінің парақшасында бөлісті. Дуэт алғашқы әндерінің тұсауын кескен екен.

"Тұсау кесер дуэт. Жанар Хамитова мен Рысбек Аташ. (Біздің алғашқы әніміз)", - деп жазды Сиви Махмұди. 

Сүйікті әншілерінің сахнаға оралғанын көрген тыңдармандардың қуанышында шек болмады.

"Жанарочка, сен үшін қуаныштымын", "Жанардың дауысы өте керемет. Жарайсыңдар!", "Биік шыңдардан көріне бергейсіздер. Әр бастаған істеріңіздің қайырын берсін", - десті жұрт.

 

Жанар Хамитованы мейрамханада ыдыс жуып жүрген жерінен жұмысқа алып, жеке шығармашылығын қайта қалпына келтіруге көмектескен Сиви Махмұдиге де халық дән риза.

"Сиви, Алладан екі еселеп қайтсын. Қарағандылықтар, Жанар қызымызға демеу болған Сиви ханымға алғысымыз шексіз", "Жығылған адамды жерден көтергеніңіз үшін барлық жақсылық Алладан қайтсын", - деп ақжарма тілектерін жаудырды.

Талқылау