Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айт намазынан соң жауған жаңбырды Ақтөбе жамағаты жақсылыққа балап отыр

Кеше облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде таңғы сағат 7-де айт намазы оқылды. Мешіттен шыққан жамағат жаңбырдың астында қалды. Бас имам мұны жақсылыққа жорып отыр.

Screenshot_20170625-1139491-e1498372968981

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

Ораза айт — әрбір мұсылман үшін ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Рамазан айының біткенін білдіретін Ораза айт мейірім, бірлік, амандық пен игілік мерекесі болып саналады.

Әдеттегідей «Нұр Ғасыр» мешітінде ине шаншар жер болмады. Халық айт намазын өткізіп алмауға тырысты. Келген тұрғындарға тегін көже мен бауырсақ таратылды. Ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.

«Былтыр сегіз үй тігілсе, биыл 10 киіз үй тұрғызылды. Айт намазы біткен соң күн райы бұзылып, жаңбыр жауып кетті. Бірақ қазақ бәрін жақсылыққа жорыған. Бұл шариғатта дұғадан кейінгі Алланың нұры, тілегіміздің қабыл болғанын білдіретін шығар, — деді «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан.

Оқи отырыңыз:

Алматыға көшіп келген америкалық азамат қаланың көрікті жерлерін көрсетті (видео)

Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды

Биыл Алакөлге әдеттегіден екі есе көп турист келмек

Мына 7 ережені орындасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады

Талқылау