Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсұлу Әзімбаева үндістандықтардың айнаға көп қарамайтынына таңғалды (фото)

Айсұлу Әзімбаева Үндістанның Ауровиль қаласына көшіп кеткен екен. Аталған қала Үнді мұхитына жақын орналасқан. Ол қазір тұрып жатқан жерінде үлкен айналардың жоқтығына қайран қалды.

15803180_964208827046534_590000172847595520_n

Фото: instagram.com/strangeice/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсұлу Әзімбаева өзінің инстаграм парақшасы арқылы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Ол Үндістанның Ауровиль қаласына көшіп кеткен екен. Аталған қала Үнді мұхитына жақын. Яғни актриса дәл қазір мұхиттың жағалауында тұрып жатыр. Ол үндістандықтардың айнаға көп қарай бермейтіндігіне таңқалған-ды.

“Мен бұл жерден айнаны көп байқамаймын. Дәлірек айтсақ, олардың көлемі тым кішкентай болады. Менің тәнімді айнадан көрмегеніме бір апта болды. Шынымды айтсам, аса қатты алаңдап та жүрген жоқпын. Бұл жерде үстіме түрлі май жағып, көбірек әшекей тағамын. Жұмсақ матаға оранып, жалаңаяқ жүремін. Тағамдардың барлығы онсыз да дәмді болғандықтан, ет жемеймін. Күш-қуатқа толы болу үшін күріш қосылған масала мен көкөністерден жасалған салат жеткілікті. Дәл осы тағамдардың арқасында өзімді Афродита-Венерадай сезінемін. Үндістанда келісім-шарт деген ұғым жоқ.

15802864_1620193958288819_3483744726513876992_n

15624429_372800773079719_4960914671168126976_n

Мысалы, кездесуді сағат 3-ке ұйымдастырсақ, ешкім келмейді. Ал шақырмаған жерге барлығы баруға ұмтылып тұрады. Дәмханаға тамақты сағат сайын жеткізіп тұрады. Ешкім ешқайда асықпайды. Медитацияның да маңызы осыда. Бар болғаны тынышталып, жүйкені тоздырмау қажет. Бұл жердің адамдары мәңгілік өмірге сенеді. Асығатын жерлері де жоқ. Қазір артық ешнәрсе ойлап жүргенім жоқ. Тамақ ішу-ұйықтау сынды рефлекстермен өмір сүремін. Арасында кітап оқимын. Жуырда “Мастер мен Маргаританы” қайтадан оқып шықтым. Енді Фаустқа кірістім. Ешкіммен сөйлескім де келмейді. Танысып, ой салатын дүниелер туралы әңгімелесуге де зауқым жоқ”, – дейді Айсұлу Әзімбаева.

15803048_245742199195419_4776728413178167296_n

Желі қолданушылары өз кезектерінде оның елге оралуын асыға күтіп жүргендерін жеткізді. “Сіздің демалысыңызды бақылаған ұнайды. Сіз өте талантты жансыз. Астанаға келуіңізді асыға күтеміз”, “Жазбаларыңыз тамаша ой салады” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Шаһизаданың жұртты ұрыстырған шолақ шалбары жоғалып кетті (фото)

Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

Қазақстандық визажист Голливуд жұлдызы Ким Кардашянмен кездесті (фото)

Талқылау