Айсұлтан Назарбаев: Өмір бойы әкеме алғыс айтамын

Дүйсенбі, 14 Желтоқсан , 2015 10:49

Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев 10 желтоқсанда өмірден өткен әкесі Рахат Әлиевті еске алып, ол туралы ойларымен өзінің Facebook-тегі парақшасында бөліскен.

1

Бұл туралы Stan.kz. хабарлайды.

Айсұлтан Назарбаевтың жазуынша, 10 желтоқсан – әкесі Рахат Әлиевтің туған күні екен. Дәл сол күні оның қолына Абылай ханның кеңесшісі, Бұқар жыраудың айтқан нақыл сөздері түскен. Соның ішінде «Әкелі бала – жау жүрек, әкесіз бала – сұм жүрек. Өз әкесін мойындаған адам – батыл. Өз әкесінен безген адам – зұлым» деген нақыл сөз, іштегі ойына жауап бергендей болған. «10 желтоқсан күні, неге екенін білмеймін. Бірақ сол күні мен осы сөздерді оқыдым. Сол күні менің әкем Рахат Әлиев өзінің 53 жасын қарсы алар еді. Алайда, «Адам жоспарлайды, Алла шешеді» дегендей Алланың өзге жоспарлары болыпты. Бірақ әкем маған жақсы тәрбие берді, өсірді, оқытты. Дәл сол адам менің футбол мен спортқа деген махаббатымды оятқан еді. Сондықтан да мен оны әрқашан тек жақсы әке ретінде еске аламын. Қандай жағдай болмасын, өз әкесінің ұлы ретінде мен оған тек алғыс айтамын» дейді Айсұлтан Назарбаев өз жазбасында.

Айтуынша, әкем өте қарапайым адам болған. Ол өмірдің өзі тек ақ не қарадан ғана тұрмайтынын, әртүрлі жағдайдың өмірге өзінше рең беретінін жеткізді. Тіпті, ол әкесі туралы әртүрлі нәрселерді оқығанын айтып. Әкесін әлі күнге дейін сыйлаған, жақсы көрген адамдар барын және әлі күнге дейін оны ұнатпайтын, көргісі келмейтін адамдардың барын жасырмады. «Мен Алладан қорқатын адам ретінде ешкімді сөкпеймін. Ерте ме, кеш пе бәріміз соның алдына барамыз. Сонда әркім өзінің шындығына қарай жауап береді. Біреуді сөгу – әркім көтере білмейтін өте ауыр салмақ. Тіпті президент өткенін еске алып отырып, әкемнің тағдырына қатысты шешім қабылдағанда қатты қиналғанын айтты. Мен атамның бойындағы батылдық пен жігерлілікке таңданамын», – деді ол. Оның айтуынша, елбасы әкесінің орнын алмастырып, оған қайратты жүрек пен парасатты ақыл арқылы өмір сүруге үйреткен екен. Соның арқасында ол шындықтан қорықпай, өз арымнан ұялмай, өзіммен өзім болуды үйренген екен.

Бір кездері оған ертеңі үшін әкесінен теріс айналу керектігін айтып, кеңес берген адамдар да болған екен. «Мен өз әкемнен теріс айналуды ешқашан да ойлаған емеспін. Себебі, анам мен әкем маған өмір сыйлаған жандар. Оның менің әкем екенін ешкім де, ештене де өзгерте алмайды. Мен әкемді тек жақсы ойлармен еске алдым. Менде оған деген ешқандай өкпе-реніш болған жоқ. Тек кішкене өкініш бар, әкеммен енді көкте ғана көрісетініміз», – дейді Айсұлтан Назарбаев.

Айтуынша, ол әкесінен ешбір мансап, не мақсат үшін бас тартқан емес. Ол үшін ең жоғарғы мансап – өмірімнің соңына дейін өз-өзіне адал болып қалу. «Менің бұл дүниеде қатты қорқатын нәрсем – біраз жылдардан кейін оянып, өзімді жоғалтып алғанымды сезіну. Дәл сондай адамдардың екі өмірде де бақыты мен тыныштығы болмайды. Ал өмірден өткендердің жақсылығын ғана айту керек деген пікірді дұрыс санаймын. Бұл адамның хайуанға айналып кетпеудің жақсы жолы. Қазір менің де отбасым бар, ИншАлла балаларым да болады. Менің тағдырым қандай боларын білмеймін, бірақ бәрінен бұрын ұлым немесе ұлдарым мені дәл солай, ештеңеге қарамастан, құрметпен еске алып отырғанын қалаймын», – деп жазған ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Тегінді өзгерткенің дұрыс болмады, Айсұлтан

  • Анонимно says:

    Акен туралы жазганын дурыской. Тек тегинди озгерткенин акенди оширгенин сиякты.

  • Алмагуль says:

    Айсултан саган Алла разы болсын,саган катты риза болдым,жарайсын балам!

  • Анонимно says:

    Айсұлтандай жігерлі,батыр балдар көбейсін.Кірген орны бір бөлек.оны ешқашан ұмытпау керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар