Айсұлтан Назарбаев ел футболын дамытатын жаңа тәсіл ұсынды

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 11:48

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев ел футболын дамытуға бағытталған тың тәсілді ұсынды.

ыымымымым

Сурет newskaz.ru

Ол бұл туралы өзінің Фейсбуктағы парақшасында жариялады.

“Достар, сіздермен керемет жаңалығымды бөліскім келеді. Біраз уақыт бұрын Қазақстан футболын дамытуға бағытталған жұмыстарды бастаған едік, міне бүгін соның негізгі бөлігін аяқтап отырмыз”, – деп жазды.

Ол сондай-ақ, өзінің бастамасына үн қосып қолдау білдірген барша адамдарға алғыс білдіруді де ұмытпапты.

“Жуырда мен өз бастамамды сіздерге таныстыратын боламын: қайда әрі қалай қимылдау қажет, дамуымызға кім және не кедергі, оған ақшаны қайдан алу керек, осы сауалдарға жауап таптық. Жасалған жұмысқа жеке өзімнің көңілім толды және ол концепцияны еш қысылмай ұсына аламын”, – дейді ол.

“Бұл том-том қиын ақпараттар мен түсініксіз формулалар жиынтығы емес. Мұндай әдіс әдетте өзінің білімсіздігін жасыру үшін әдейі қиындатылу арқылы жасалады. Сондықтан мен саналы түрде барлық “қиын” футбол үдерістерін жеңілдетуге тырыстым. Сонда бұл барлық адамға түсінікті болады. Оянатын уақыт жетті деп ойлаймын, болмаса біздің футбол әлі қысқы ұйқының құшағында жатыр”, – дейді Айсұлтан Назарбаев.

Желі қолданушылары түгелдей дерлік болмаса да, басым бөлігі оның бастамасын қолдаған.

“Маған адам ретінде, жанкүйер ретінде біздің футбол федерациясының жүргізіп отырған саясаты түсініксіз. Басшылықта мақсат жоқ сияқты сезіледі. Бразилияда бала оқыту сәтсіздікпен аяқталды. Қанша ақшаны жұмсадық. Балалар футболы дамымай жатыр, ауылдарда алаңқай жоқ, стадиондар салынбауда. Менімше мұқият сараптама жүргізу керек бұл салаға. Соңғы 5 жылдағы бөлінген қаражатты да есептеп қорытынды шығару керек. Айсұлтанға өз кандидатурасын ҚФФ президенттігіне ұсыну қажет. Сонда ғана Қазақстан футболын дамытуға арналған концепциясын кеңірек таныстырып, нәтиже шығара алады”, – деп жазыпты Асхат Ізтілеуов есімді қолданушы.

Көптеген қолданушылар “жарайсың! Бізге осындай жарқын бастама қажет! Бұл үлкен стимул болар еді”, – деп пікір қалдырған.

Алайда сөзбен істің айырмашылығы көп екенін еске салғандар да болыпты.

“Бос сөз. Стадион тұрғыз. Футбол академиясын аш. Ал әзірге мұның бәрі тек әдемі сөздер ғана”, – деп жазады желі қолданушыларының бірі.

“Бәрі қандай көңілді, позитив болып отыр.  Жас баланың болашағына қатты сенеді екенсіздер. Қожағапанов та бірдеңе істеп жатыр ғой. Ал Айсұлтан бауырымыз өзін дәлелдесін, көрейік. Футболдан да күрделі салалар бар ғой, сонда мүмкіндігін пайдаланып қазақ елін көркейтсе болады”, – деп жазады Алдаберген Кемпірбаев есімді қолданушы.

Постқа бір сағаттың ішінде 80-нен астам пікір жазылып, 32 мәрте бөлісілген. Ал 800-ден астам желі қолданушысы “ұнату” батырмасын басып өз көзқарастарын білдірген.

Бұған дейін Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Назарбаеваның желіде тараған суреттері туралы және әкесіне алғыс білдіргені жайлы жариялаған едік. Ол футбол туралы ойларымен осыған дейін де бірнеше рет бөлісіп, халыққа ұсынып жүретін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар