Айша Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 22:44

Айша отандық бағдарламалардың бірінде алғаш рет Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты. Бірақ, ол мұны әдейі жасамаған. Тіпті, Бүркіттің қызы барын білгендіктен, оған көз салмауға тырысқан.

епкаа

Фото: instagram.com/aisha_vee/

Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.

Әнші Айша мен Бүркіттің қарым-қатынастары туралы жиі айтылады. Әсіресе, кейінгісінің Айшаны өзіне қарата алмай әлек болғаны жайлы. Қыз-жігіт болып жүріп жүргендерінде Бүркіт мырза оған екі рет ұсыныс жасаған. Бүгін Айша алғаш рет өзінің Бүркіттің бұрынғы сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты. Бірақ, ол мұны әдейі жасамаған екен. Бүркіттің қызы бар екенін білгендіктен, оған қарамауға тырысқан.

“Ол кезде Бүркіттің қызы болды. Екеуіміз туған күн кешінде жүрдік. Мен оған, тіпті, қараған да жоқпын. Себебі, ол сол сәтте қызымен бірге жүрген еді. Маған ғашықтардың арасына түскен ұнамайды. Бұл – жаман іс. Бір шетінен, ол оның әйелі болған жоқ. Сол себепті, ештеңке етпейді деп ойлаймын. Шынымды айтсам, бұл тақырыпқа қатысты аса басымды ауыртпаймын”, – дейді Айша.

– Ол сенің соңынан екі жыл жүгірді. Екі рет ұсыныс жасады. Бірақ, сен келіспедің. Неге?

– Иә, ол екі рет ұсыныс жасады. Оны өзіме қаратып алған соң, маған қызық болмай қалғандай көрінді. Мен оның маған назар аудармауы үшін көп нәрсе жасадым. Бір ретте “Мен басқа адамды сүйіп қалсам, сен мені ұмытасың ба?” деп сұрадым. Ол “Иә” деді. Мен басқа жігіт тауып, онымен кездесе бастадым. Маған бұл қарым-қатынас қызық болды, бірақ арамызда махаббат болмады. Мұны Бүркітпен айырылысу үшін ғана жасадым.

Бұл әрекетімді эгоизм деп айтуға келмейді. Менде бар болғаны сезім болмады. Бір шетінен жас болдым, әлі үйленгім келмейтін. Маған бірінші рет ұсыныс жасаған кезде, “Қайдағы үйленген! Менің бар өмірім әлі алда ғой. Алда талай қызықтар күтіп тұр” деп айтқан болатынмын. Шынымды айтсам, өмірім мүлдем басқаша болады деп күттім. Қайырымдылықпен айналысқым келетін. Бұрын балалар үйі туралы бағдарлама көріп, үнемі көмектескім келіп жүретін. Тіпті, екі бала асырап алу туралы ой да болған.

– Адам қайырымдылықпен еш себепсіз айналыспайды. Бәлкім сенің де басыңнан бір қиын оқиға өткен шығар?

– Иә, әке-шешем мен үш жаста болғанымда айырылысып кеткен еді. Қазір өгей әкем бар. Ол кісі өте жақсы. Анам туған әкемді ешуақытта жамандаған емес.


Жіберіп алмаңыз:

Арман мен Ашаның қыздары кімге ұқсайды?

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 1 бір сағат кері

Елдин жагдайын ойлайтын багдарлама болмаса,мынадай биреудин жеке омири бизге неге керек.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар