Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айша бибі туралы мәлімет

Әйгілі Айша бибі сұлу мен Қараханның қайғылы махаббат оқиғасы бізге ежелгі дәуірден жетті. Халықтық аңыздар бізге Ромео мен Джульеттаның трагедиясына тең келетіндей Шығыс елдеріндегі ең мұңды махаббат хикаяларының бірін жеткізді. Stan.kz махаббаттың символына айналып, қазақтың «Тәж-Махалы» атанып кеткен Айша бибі кесенесінің ғажайыптарына үңіліп, Айша бибінің аңыз ғұмыры мен сұлу күмбезінен сыр шертеді.

Айша бибі туралы мәлімет

Аңызы мен әфсанасын, өркениеті мен өр тарихын жарты әлемге паш еткен қасиетті Тараз топырағындағы таңғажайыптардың бірі – Айша бибі кесенесі. Ол Жамбыл облысының Жамбыл ауылында Айша бибі ауылында орналасқан. Киелі Жамбыл жерінде 3 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар болса, соның бірі де бірегейі – Айша бибі кесенесі. Бұл тарихи нысан 11-12 ғасырларға жататын сәулет өнерінің бірден-бір тамаша үлгісі. Кесене күйдірілген сары балшықтан жасалған, әрі 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.

Ол Қазақстандағы орта ғасырлық сәулет өнері жауқарларының бірі болып табылады. Ерте ғасырлардан жеткен кесенені Қарахан әулетінің төртінші ұрпағы Шаһ Махмұд Қарахан өзінің нақ сүйері Айшаның басына тұрғызған. Бұл ғажайып күмбездің сырына үңілген адам еріксіз өткен заманға шегініс жасайтыны анық. 

Жалпы, тарихи кесененің құрылысы жайлы нақты деректер жоқ. Бүкіл сырлы құпиясын әрбір тасына жасырған кесене жайлы ғасырлар бойы халық жадында жаттаған ақиқатқа белгісіз аңыздар қалған. 

Сондай-ақ, 30-ға жуық аңыздың арқауына айналған Айша туралы да тың мәліметтер тарихи еңбектерде кездеспейді. Әр аңыз өзінше ерекшеленеді. Бірақ, бәріне ортақ кейіпкер көркіне көз тоймайтын көркем, қараған жанның қиялында бір от пайда болып, ғайыптан жүрегіне нұр құйылатын қаршадай ғана қыз – Айша. 

Айша Бибі туралы аңыздың 28 түрлі нұсқасы бар. Олардың бірі – Айша Бибінің өзінің күйеу жігіті Қараханға деген махаббаты жайлы айтылып жүрген аңыздар. Ең кең таралған аңыз бойынша, Айша XІ ғасырдың әйгілі ғалымы және ақыны Хәкім Сүлейман Бақырғанидың қызы болған делінеді. Ол халық арасында Зеңгі баба деп аталып кеткен Ахмет Яссауидің шәкірті. Аңызға сүйенсек, Бақырғани қайтыс болғаннан кейін Айша Айтқожа Шейхтың тәрбиесінде болады. Және бойжеткен Айша ортағасырлық Тараз шаһарының әміршісі, жас Қарахан Мұхаммедке ғашық болған көрінеді.

Бірде Тараз қаласының билеушісі Қарахан Мұхаммед Айтқожа Шейхтан Айшаның қолын сұрап барады, бірақ қыздың тәрбиелеушісі бұған келісім бермейді. Сол кезде Айша Қараханға қосылуына қарсы болған тәрбиешісін алдап, Таразға сүйіктісін көруге кетіп қалады. Алайда, Айша ғашығына барар жолда Аса өзенінің жағасында, оны бас киімінде жасырынған жылан шағып өлтіреді. Өкінішке орай, Қарахан ғашығы Айшамен соңғы рет жүздесіп үлгермейді.

Сонда қыздың қазасына қайғырған Қарахан Айша қайтыс болған жерде сұлулығы таңдай қақтырарлық керемет кесене тұрғызады. Ал қасіретті сапарда Айшаның жолбастаушы болған Бабаджа қатын кесененің қамқоршысы болып, өле-өлгенше шамын жағып, қарады. Кейін ол қайтыс болған соң, Айша бибіден 20 қадам жерде тұрғызылған Бабаджа қатын кесенесінде жерленді.

Тағы бір аңызда Айшаның атақты ақынның қызы болғандығы және ұрыс алаңынан жеңіске жетіп, үйге қайтып келе жатқан сүйіктісін күткендігі айтылады.

Ғашығын сарыға күткен бойжеткен әскер жақындады деген хабарды алғаннан кейін атын ерттеп, сүйіктісін қарсы алуға шығады. Күтудің шыдамсыз болғаны соншалықты, қуаныштан қыздың жүрегі шыдамай жарылып кетіп, сүйіктісінің қолында көз жұмады. Айшамен жүздесуді асыға күткен Қарахан ғашығының қазасына қатты қайғырып, қайғыдан қан жұтады. Сол кезде белгісіз сәулетші кейінгі ұрпаққа бұл ұлы махаббат туралы жеткізуді жөн көріп, кесене тұрғызады. 

Уақыт өте ол кесенің де тастары құлай бастады. Бірақ, тіпті кіреберістегі үшкіл арка мен жартылай қираған екі бағаналары бар бір қабырғаның өзі – ерекше сұлулығымен және көркімен қайран қалдырады.

Кең тараған аңыздарға сәйкес, кесенеде ХІ ғасырдың әйгілі ақыны және ғалымы Хәкім Атаның қызы жерленген делінеді. Ол күйеу жігіті Қараханға барар жолда кенеттен қайтыс болған.

Айша сұлу Ахмет Яссауидің шәкірті, Зеңгі баба деп аталып кеткен Хәкім-Атаның қызы болды. Аңызда, Тараз әміршісі 16 жасар Айшаны бір көріп ғашық болып қалған деп айтылады. Теңдесі жоқ Айша сұлу да Қараханға өлердей ғашық болған.

Бірақ, Айшаның әкесі Қараған хан болғанымен, ақсүйектің ұрпағы емес деп, қызын беруден бас тартады. Сол кезде сүйіктісіне қолы жетпеген Қарахан қатты қайғырып, өзінің туған өлкесі Таразға кетіп қалады. Қарахан кетіп қалды дегенді естіген Айша Әнуар анасына ескертіп, бірақ әкесінің батасын алмастан сүйіктісінің артынан жолға шығады. Сонда қызының әрекетіне ашуланған әке, Айшаның соңынан: «Сен алты өзеннен өтесің, бірақ жетіншісінен өте алмайсың», - деп айқайлап, теріс бата береді.

Хәкім Ата айтқанындай, Айша алты өзенді кесіп өтеді. Ал жетіншіге келгенде әкесінің қарсығысын есіне түсіреді.

Осылайша, әкесінің қарғысы орындалып, ғашығымен жүздесуге асыққан Айшаны тастың астынан шыққан улы жылан шағып өлтіреді. Жылан уынан қайтыс болған Айша сұлу дәл сол жерде жерленеді, ал құрбысындай болған жолбастаушысы Бабаджа қатын тәрбиеленушісінің қабірін өзі күтіп, дәм-тұзы таусылғанша қамқор болады. Бабаджа қатын Айшаға шексіз әділ болды. Сондықтан, Бабаджа қайтыс болған кезде, ол Айша бибі күмбесізіне жақын жерге жерленді.

Өкінішке орай, Қарахан сүйіктісімен қауыша алмай, тым кеш жетеді. Айшаның қазасына қатты қайғырған Қарахан жүрегі тебіреніп, жас сұлудың қабірінің төбесіне кесене тұрғызуға бұйрық берген екен.

Ендігі бір нұсқаға сәйкес, төрт түліктің бірі сиыр малының атасы – Зеңгі бабаның қызы Айша Түркістанда жас батыр, әйгілі әмірші Қараханды жолықтырады. Бір-біріне ынтызар болған екі жас адал сезімдеріне ант беріп, қауышатын уәделі күнді күн санап күтеді. Ол кездерде жаумен алысып, ат үстінде жүрген Қарахан ел шебін қорғап, уәделі күнде Айшаға баруға сәті түспейді. Зарыға күткен Айша шымады таусылып, Қараханға жолығу үшін Бабаджа қатынды қасына ертіп, жолға шығады. Алыс сапардан арып шаршап, Таразға жақындағанда өзен жағасына дамылып, демдерін басып жатқан тұста Айшаны улы жылап шағып, өлім мен өмірдің арасында жатады. 

Суық хабар алған әмірші Қарахан серттескен сұлуының көз жүмар сәтінде молда шақырып, некесін қидырып, «сен бибі болдың, сен Айша бибісің» деп үш рет дауыстап қайталайды. Бибі деген сөз сол уақыттағы қағандардың, хандардың әйелдеріне берілетін жоғарғы титулдық атақ. 

Қарахан көп ұзамай Айша бибі қайтыс болған жерге өзінің шынайы махаббатын білдіру мақсатында үлкен кесене салдырған екен. Махаббаттың аңызы сан ғасыр бойы адалдық пен арды үстем қойған жандардың жүрек түкпіріндегі ізгілікке жол ашып, адами құндылықтың терең өлшеміне айналған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр