Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбектің имиджі жұртқа жақпай қалды (фото)

Баян Есентаеваның үлкен қызы Айсәуле Бақытбек жұлдыз болмаса да, үнемі ел назарында. Жуырда ол сыныптасының үйлену тойына қатысып, киген киімі үшін халықтан сөз естіді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсәуле Бақытбек ұзын ақ шалбар мен күлгін түсті блузка киіп, елге жақпай қалды. Жұрт Есентаеваның тұңғышына стилін, имиджін өзгертуге кеңес берді.

«Киімді тырыстырып киген саған жараспайды», «сұлу қызсың, алайда киінгенің онша емес, аяқ киімің мүлдем жиіркенішті», «анаң секілді көрсетсей сұлулығыңды», «өтініш, имиджіңді өзгертші, мына кигенің өзіңе дым жараспайды», – деп жазған желі қолданушылары.
Бірақ Айсәуленің сұлулығына тамсанып, киген киіміне оңды бағасын бергендер де бар.

«Несі келіспей тұр? Барлығы əп-əдемі-ақ үйлесіп, мінсіз түскен», «көре алмаушылықты қою керек», «әдемі, нәзік, сүйкімді ханшайымдай», «ешкімді тыңдама, бәрі де жарасып тұр», – деп жазған Айсәулені қолдаушылар.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Айару Айсәуленің күшігіне шетелден Мессидің футболкасын әкеліп берді (видео)

Айсәуле Бақытбек: Әке-шешемнің ұрысын ешуақытта естіген емеспін

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Айсәуле Бақытбек өзінен ақша сұраған бейтаныс адамдарға наразылық танытты

Талқылау