Айсәуле Бақытбек халықтың жағдайына алаңдамайтын отандық жұлдыздарды сынап тастады

Айсәуле Бақытбек халықтың жағдайы мен елдегі өзекті проблемаларға алаңдамайтын отандық жұлдыздарды сынға алды. Бойжеткеннің айтуынша, әлемдегі барша медиа тұлғалар танымалдылығын пайдаланып, халықтың назарын өзекті проблемаларға аударуға тырысады. Ал біздің отандық жұлдыздарға бәрібір, деп ашынады бойжеткен.

Айсәуле Бақытбек

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Бізде тек жастар емес, ересектер де сөйлеуден қорқады. Мәселен, бізде сәуір айынан бастап желі бұғатталып жатыр. Бұл туралы тура 1 сәуір күні жаздым. Бірақ аталған тақырыпқа пост жазған бірең-сараң қатарластарымды ғана байқадым. Ал нағыз жұлдыздарымызға не болған? Әншілер, актерлер, әзілкештер… алло?! Біз бәріміз бір елде тұрамыз ба әлде сіздер ешқандай проблемасы жоқ басқа параллель әлемде тұрасыздар ма?

Әлде барлықтарыңыз жыл сайын өтетін концерттердегі орындарыңыздан айырылып қалудан қорқасыздар ма? Тв-да жүз жылдық хитім шырқалса болды деп азаматтық ұстанымнан бас тартуға да дайынсыздар ма?

Мен тек түсінбеймін, бүкіл әлемде медиа тұлғалар қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысады, танымалдылығын пайдаланып, жұрттың назарын елдегі мәселелерге аударады. Бірақ тек қана біздің елде “жұлдыздар” өздерінің танымалдылықтарын нағыз маңызды нәрселерге жұмсайды. Мысалы, “Қалаулым” бағдарламасын жабу, қысқа белдемше киген қыздарды масқаралау, ескіден келе жатқан мамандықты зорлық-зомбылықтың күшімен жою, жеке бизнесті жариялау және т.б. кете береді.

Ал ғаламторда бостандықты шектеу, адамдардың шотынан төлем қабылдамау (Астана банк); мемлекеттік қызметтердің оғаш әрекетінің кесірінен көз жұмған адамдар; ешқандай негізсіз “митингтке” қатысқан адамдарды тұтқындау; тіпті, менингит өршіп тұрған шақта екпе құны мен ауруханадағы кезек біздің жұлдыздар үшін емес. Айсәуле, осыған көндік. Адамдар кумирді өздері таңдайды, бұл адамдарға ұнайды”, – деп наразылығын білдірді Баян Алагөзованың қызы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар