Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек халықтан әкесі үшін көмек сұрады

Айсәуле Бақытбек халықтан әкесіне қолдау көрсетуді сұрады. Ол желідегілерді Бақытбек Есентаевтың жазасын қайта қарау туралы петицияға қол қоюға шақырды.

aisa i bakytbek esentaev

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Қадірменді достар, әкемнің тағдырын жеңілдету үшін сіздерден көмек сұрағым келіп отыр. Оның жазасын қайта қарау туралы петицияға қатысыңыздаршы», – деп өтінді Айсәуле.

Сөз соңында Айсәуле әкесіне қолдау білдіру арқылы анасына қарсы шықпайтынын айтты.

«Бұл жазбамды анама қарсы әрекет деп қабылдамауларыңызды сұраймын, ата-анамды бірдей жақсы көремін», – деп түйіндеді сөзін ол.

айсауле петиция

Айта кетейік, өткен аптадан бері қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты босату туралы петицияға қол жинап жатыр. Оны түрмеден босату немесе жазасын жеңілдету үшін сотқа арналған петицияға кемі 10 мың адам қол қоюы керек. Әзірге 2206 адам Есентаевқа қолдау білдірген.

Жіберіп алмаңыз:

Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)

Димаш Қытайлық “Грэмми” сыйлығына үміткер атанды

Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)

Димаш Астанада жеке концертін беретін болды

Талқылау