Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек анасының БАҚ-қа айтқан өтінішіне қосылды

Айсәуле Бақытбек анасы Баян Есентаеваның БАҚ-тан сұраған өтінішін қолдайтынын айтты.

Screenshot_2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Баян Есентаева БАҚ-тан 10-маусымда болған оқиға туралы жаза бермеуді өтініп сұраған еді. Бірнеше минуттан соң Есентаевтардың тұңғыш қыздары анасының өтінішіне қосылды.

«Отбасымыздың жеке мәселелерін талқыламау туралы анамның өтінішіне тек олардың перзенті ретінде емес, болған оқиғаның жалғыз куәгері ретінде мен де қосыламын. БАҚ-та жарияланған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәліметтердің бәрі жалған екендігін мәлімдеймін. Әкемді ес білгелі ең үлгілі адам ретінде танимын. Жасаған ісіне ол шынайы өкініп қана қоймай, бірнеше айдан бері анамнан кешірім сұраумен келеді. Оның кешірімін қабылдау-қабылдамау – анамның жеке басының мәселесі. Оған араласпауларыңызды сұраймын. Рахмет», – деп жазды Айсәуле желідегі парақшасында.

Я присоединюсь к просьбе своей мамы прекратить обсуждать личные проблемы нашей семьи и от себя, не только как от дочери, но и как от единственного свидетеля происшедшего, хочу добавить, что все “подробности” происшедшего-мерзкая ложь СМИ. Мой отец всю мою сознательную жизнь был лучшим отцом, чем я только могла себе представить и за свой поступок он искренне раскаивается и приносит свои глубочайшие извинения на протяжении нескольких месяцев. Как на это отреагирует моя мама только её дело в которое я прошу не лезть никого. Спасибо.

Фото опубликовано snapchat: a_bakytbek (@aissaulebakytbek)

Танымал продюсер уақыты келгенде оқиғаның жай-жапсарын айтып беретінін, ал әзірге денсаулығының толық қалыпқа келмегенін айтты.

Желі қолданушыларының дені Айсәулені қолдады. Алайда ел алдында жүргеннен кейін мұндай әңгімелерге үйрену керектігін айтқандар да кездесті.

Оқи отырыңыз: 

Адвокат Баян Есентаеваны күйеуінің неліктен аяусыз пышақтап тастағанын айтты

Баян Есентаева: Өзіме келдім, жақында қайта қауышамыз (видео)

Алматыға оралған Баян Есентаева қала шенеуніктерін сынады (видео)

Оқырманы Есентаеваны болған жағдайға қарамастан сұлулығын паш еткені үшін сынады

Талқылау