"Қазақта мұндай болмаған": Айсәуле Бақытбектің ерекше беташары қазақстандықтардың назарын аударды (видео)

Айсәуле Бақытбектің беташары Алматы қаласындағы АХАЖ-да, яғни Неке сарайында өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жас жұбайлар некені қимай тұрып, қазақтың салт-дәстүрін орындауды жөн көрді. Беташарда сәлем салған Айсәуле Бақытбектің екі езуіне күлкі үйірілді. Оның қуаныштан төбесі көкке бір елі жетпей тұрды. 

Беташардың видеосын көрген қазақстандықтардың пікірі екі арнаға бөлінді. Біреулер жас жұбайларға бақыт тілесе, тағы да басқалар "қазақ қызы деген атқа тән емес", "қазақта мұндай болмаған", "қазақтар өз салтын ұмытып не болып барады", "қазақта көкірегін ашып, ешкім сәлем салған емес" деп жазып, беташарды сынның астына алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 22 мамырында Айсәуле Бақытбек Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің қалыңдық атанғанын хабарлаған болатын. Сол күннен бастап оның анасы Баян Алагөзова тойға дайындалып, қонақтардың тізімін жасап, той қамына кірісіп кеткен еді. 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр