Айранның пайдасы: кешке айран ішкен пайдалы ма

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге көпшілігі күнделікті тұтынып жүрген айран, оның пайдасы туралы мәлімет ұсынады.

Айранның пайдасы: кешке айран ішкен пайдалы ма

Медицинада жалпы денсаулыққа пайдалы өнім деген түсінік жоқ. Кез-келген өнім бір адамға пайдалы болса, ал екішісіне ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Мысалы, айран бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға артық ақуыздың көзі ретінде кері әсер етуі мүмкін. Ал айранды кешкі уақытта ішудің денсаулыққа қалай әсер ететіні жайлы әлі ешкім зерттеу жүргізбеді. Бірақ, дәстүрлі диетология ашыған сүт өнімдері шынында да пайдалы деп сендіреді. Себебі, олар ақуызға бай. Сондай-ақ, айранның құрамында сүтке қарағанда лактоза аз, ал бұл лактаза кемістігі бар адамдарға жақсы әсер етеді.

Біз көбінесе ашыған сүт өнімдерінде ас қорыту мен иммунитетті жақсартатын пайдалы бактериялар бар екеніне назар аудартатын жарнамаларды көреміз. Бұл шынымен де солай ма? Шынында да, йогурттың құрамында лактобактериялар, кейде бифидобактериялар көп мөлшерде болады.

Мұнда біз екі экстремалды позицияға кезігуіміз мүмкін. Біреуі дисбактериозды айранмен емдейді десе, ал екіншісі дисбактериоз деген болмайды, сондықтан пробиотиктер пайдасыз дейді. Іс жүзінде екі позиция да дұрыс емес. Шынында, дисбактериоз деген диагноз жоқ. Дегенмен, лактобактериялардың кейбір түрлері елеулі зерттеулерде жұқпалы диарея қаупін азайтуға және оның ағынын жеңілдетуге, сондай-ақ антибиотикке байланысты болатын диареяны емдеуге мүмкіндік береді. Ал айрандағы бактериялар да осындай қасиеттерге ие ма, жоқ па, оны сеніммен айту мүмкін емес. Бірақ, онда да осындай бактериялар болуы әбден мүмкін.

Айранды жатарда ішу туралы айтатын болсақ, айран – жеңіл сіңетін ақуызды-май қоспа. Сондықтан ол аштықты алдай алады және оның құрамында калория аз болғандықтан салмақ тастауға үлес қосады. Бірақ, егер сізде қыжыл, кекіру, асқазандағы құрамды құсу секілді кері ағу ауруы бар болса, кешке айран ішпегеніңіз жөн.

Айран ішу арқылы жеңіл тамақтанып жүріп артық салмақтан арылуға болады. Бірақ бұл күнделікті дұрыс тамақтану мен дене шынықтырудың баламасы емес, тек оған қосымша көмек болып табылады. Ал балалар мен бірінші типтегі қант диабетіне шалдыққан науқастарға жеңіл тамақтану зиян. Ол әсіресе циклдық кетонемиялық құсуға бейім балалардың ауруын асқындырып жіберуге қабілетті қанда кетондық денелердің құрамының көбеюіне әкелуі мүмкін. Тұтастай алғанда, мерекеден кейін аш жүру идеясы дұрыс емес. Тамақтан бас тарту келешекте қомағайтықтың зиянын өтемейді. Себебі, ағза өлшенген тұрақтылықты шектен тыс көреді.

Айран зиянды бактерияларды өлтіреді

Айранда Lactobacillus kefiri секілді бірегей пробиотика бар. Зерттеулерге сүйенсек, бұл пробиотиктер әртүрлі зиянды бактериялардың, соның ішінде сальмонелла, хеликобактер пилори және ішек таяқшасы бактерияларының өсуін тежейді. Сонымен қатар, айранда бактериальды қасиеттері бар айран-полисахарид бар.

Айран ас қорытуды жақсартады

Айрандағы пробиотиктер ішектегі пайдалы бактериялардың балансын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бұған қатысты жүргізілген зерттеу нәтижелері пробиотиктердің, әсіресе, диарея кезінде тиімді екендігін көрсетті.

Ал Далхус университетінде жүргізілген зерттеуде пробиотиктердің жара немесе тітіркенген ішек секілді синдромдарды, яғни асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуде және оның алдын алуда пайдалы екендігі анықталды. Сондықтан, егер сіздің ас қорыту жүйеңізде қиындықтар болса, тамақтану рационына айран секілді қышқыл сүт өнімдерін қосуды ұсынамыз. Бірақ, бұл ретте дәрігеріңізбен кеңесуді ұмытпаңыз.

Айран сондай-ақ, ағзасы лактоза қабылдамайтын адамдарға да көмектесе алады. Бұл сусынның құрамында қарапайым сүтке қарағанда лактоза аз. Себебі, айран, йогурт секілді ферменттелген сүт өнімдерінде ашыған сүт бактериялары лактозаны сүт қышқылына айналдырады. Сондықтан айранды тұтынғаннан кейін лактозаны қабылдамау белгілері өте нашар байқалады немесе мүлдем болмайды. Бұл Огайо штатының университетіндегі жүргізілген тәжірибеде дәлелденді. Аталған зерттеуге лактаза тапшылығы бар 15 адам қатысып, айран ішті. Нәтижесінде тәжірибеге қатысқандарда әдетте, лактозасы бар басқа да өнімдерді ішкеннен кейін пайда болатын іштің кебуі, ауыруы және диарея сияқты симптомдардың белгісі төмендейді.

Айран демікпенің алдын алады

Ал the Journal of Immunology журналында жарияланған зерттеуде айранның түрлі аллергиялық реакциялармен және демікпе ауруларымен күресуге көмектесе алатыны анықталды. Зерттеу барысында айранның аллергия мен демікпенің пайда болуын қоздыратын қабыну белгілерін басатыны белгілі болды.

Айран сүйектерді қатайтады

Басқа да сүт өнімдері сияқты айранда да кальций көп. Бұл элемент сүйектің саулылығына оң әсер ететіндіктен, остеопороздың дамуына жол бермейді. Сонымен қатар, айранның құрамында к2 дәрумені бар. Ол кальций метаболизміндегі басты рөлді атқарады. Сондай-ақ, айранның құрамында сүйек тінін нығайтуға ықпал ететін фосфор, магний, D дәрумені бар.

Айран салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі

Австралиядағы Curtin университетінің зерттеушілері тәжірибе жүргізіп, күніне бес кесе сүт тағамдарын тұтынған адамдардың үш кесе ішкендерге қарағанда көп салмақ тастап, іштегі майдан арылғанын анықтады. Сонымен қатар, ол екі топтың қатысушылары да төмен калориялы диета ұстаған екен.

Мысалға, бір кесе айранда орташа алғанда 120-150 калория, 3-6 грамм май және шамамен 6 грамм ақуыз бар. Тіпті осындай төмен калорияға қарамастан, айран аштық сезімін толығымен басады. Бірақ есіңізде болсын: майлылығы 1% болатын төмен калориялы айран сатып алудың қажеті жоқ. Мұндай өнім жылдам өңделіп, барлық пайдалы қасиеттерін жоғалтады, ал бұл жағдайда жай ғана су ішкен пайдалы болмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр