Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева өзінің парақшасын бұзған адамды тауып алды

Бірер күн бұрын Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграм парақшасына шабуыл жасалды. Десе де, айтыскер ақын оны кім жасағанын жақсы біледі екен. Парақшасын өзіне қайтарып та үлгерген.

image

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәл қазір Айнұр Тұрсынбаева мен Алтынай Жорабаева Анталияда демалып жатыр. Демалыс кезінде айтыскер ақынның инстаграм парақшасына шабуыл жасалған екен. Ол мұны кім жасағанын да білетін сияқты. Себебі, сол бір жанның жеңіліс тауып, осындай ақымақтыққа барып отырғанын айтады.

“Бүгін менің инстагарам парақшамды бұзды. Кім екенін өте жақсы біліп отырмын. Адам өзінің жеңілгенін білгенде неше түрлі ақымақтыққа барады екен. Қайтеміз, аман болсын! Менің атымнан ыңғайысыз әңгімелер барып қалса түсіністікпен қараңыздар. Пошталарыңызға абай болыңыздар, достар!” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Осы уақытқа дейін айтыскердің парақшасына бірнеше мәрте шабуыл жасалған болатын. Бұл жолы өзі жақсы танитын адам осындай әрекетке барған сияқты. Тұрсынбаева оған суреті арқылы өзінің шексіз бақытты екенін көрсетуге тырысты.

Желі қолданушылары айтыскерді қолдай түсті. Арасында суретте не себепті шалқайып отырғанын түсінбегендер де болды. Жолдасы туралы да сұрап жатты. “Не болды сізге, шалқайып кетіпсіз ғой?”, “Ол адамға жазғаннан не пайда?! Ондай адамдарға ештеңе айтудың қажеті жоқ”, “Ол адаммен бәсекеге түсіп пе едіңіз?” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева майлы бетті қалай күту керектігін айтты

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау