Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Өкпе мен ренішті сақтаған сайын, өз жолыңызды өзіңіз жабасыз

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева біреуге өкпелеп, іште ренішті сақтаған сайын адамның бойында жағымсыз энергия жинала беретінін айтты. Ол күйзелістен арылудың жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Адамды шаршататын ең жаман нәрсе – өкініш, реніш, мұң, өкпе. Бұлардың бәрінің көбеюі адамды депрессияға алып келеді. Жалпы депрессия адамның бойына жаман негативті энергия жинайтын ауыр көңілдің күйзелісі. Неғұрлым депрессияда көп жүрсеңіз соғұрлым өз жолыңызды өзіңіз жауып, сәтсіздіктерге жолыға бересіз. Сондықтан кез келген жағдайда өзіңізді қолға алып үйреніңіз! Ең алдымен сізге өзіңізден басқа ешкім көмектесе алмайтынын түсініңіз! Бұдан да жаман күндеріңізді есіңізге алыңыз! Және сол күндерді қазір ойласаңыз түк те қорқынышты ештеңе болмағанын түсінесіз.

Ешқандай уайым мәңгілік емес екеніне сенімді болыңыз! Көңіл-күйім жоқ деп оңаша қалуға ешқашан құмар болмаңыз. Өзіңізді қинап болса да жұртпен араласыңыз! Сіздің дұшпандарыңыз сіз қайғырған сайын қуанып отыратынын да ескеріңіз! Адам бойындағы энергия не қуанышқа, не қайғыға, не еңбекке, әйтеуір бірдеңеге жұмсалып тұрады. Сіз осы энергияны басқа жаққа жұмсаңыз. Жүгірумен айналысыңыз, караокеге барып айқайлап ән салыңыз, мешітке барып тыныштықта отырыңыз, кішкентай балаларды көбірек ойнатыңыз! Ең бастысы іштегі күйзелісті ешкімге білдірмей шығарып тастап үйреніңіз! Іштен тынып жатып қалмаңыз! Уайымнан іште қалып кеткен жаман энергиядан ракты қоздырушы клеткалар көбейеді екен. Жүректеріңіз маxаббатқа толы болсын! Бәріңізге көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Жаңа апта сәттілікке толы болсын”, – деп жазды ол инста-парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Бағлан Әбдірайымов: Әріптестерім жеке өмірлерін жария етіп, жастарға теріс үлгі көрсетіп жатыр

Тоқтар Серіков Мейрамбектің кешінде бидің түбін түсірді (видео)

Баян Есентаеваның сүйіктісі тележүргізушілікке бет бұрды

Сәкен Майғазиев оқушы кезінде әкесімен бірдей табыс тапқан

Талқылау