Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева науқастарға дұрыс қарамайтын мейірімсіз дәрігерлер жайлы айтты

Танымал айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева өзі қаралған аурухана дәрігерлері мен жедел-жәрдем қызметкерлерінің ісіне жауапсыз қарайтынын айтып сынады.

12556012_1565604110430172_249157858_n(1)

“Бүгiн аяқ астынан аллергия болып, ауруханадан бiрақ шықтым. Қай аурухана, қай дәрiгер екенi маңызды емес. Жедел жәрдемнiң ауру асқынып, бүкiл дене iсiнiп бiткенде келгенiнде де емес. Маңыздысы, мұздай көлiкпен алып барып, сырт киiмдi шешкiзiп, мұздай жерге (түк төсенiшсiз кушеткаға) жатқыза салғандығында”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева aidyn_nury Инстаграм парақшасында.

Ол жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жаурап жетіп, ол жердегі дәрігерлердің де суық орынға жатқыза салғанын айтып кейіді. Тіпті, науқастардың жағдайының нашарлығына қарамастан дәрігерлерің де жылдам әрекет етпейтініне түңілді.

“Қазiр келедi деген дәрiгер 1 сағаттан асқанда бiрақ келдi. Құдай үшiн жамылатын бiрдеме берiңiздершi, қалшылдап барамын деп жалынбаған адамым жоқ. Мен жарайды шыдадым ғой. Ал жандары шырқырап, әрең тұрған ауруларды коридорда иiрiп қойып, дәрiгерлердiң сағызша созылып жүрiп алғандығын айтсаңызшы”, – дейді Тұрсынбаева.

Енді бірде айтыскер жүздері суық дәрігерлердің тіпті төсекке жата тұруға да рұқсат бермегенін айтып налыды.

“Капельница салуымыз керек деп күткiзiп қойып, салулы тұрған төсекке жатқызбайды екен. Тым болмаса мына әрең тұрған апайды жатқызсаңызшы деген өтiнiшке “главврач рұқсат ету керек” деген қатқыл жауап алдым. Бәрiбiр жатқызатыны белгiлi, капельницаны тұрғызып салмайтындығы анық едi ғой. Тастай суық жерде 90 минут жүрiп 20 минут капельница, 1 қағаз жазғызып алдым.  40-50 минут саламыз деген капельницаны 15 минут салып, палатаны босатыңыз деп қарап тұр. Әлсiреп қалдым, көлiк келгенше жата тұрайын дегенiме қарамай қуып шыға салды”, – дейді ол.

“Қолдары тимей жатқан шығар дейтiн боларсыздар, ең қызығы көбiсi бос жүр! Айналып келiп “как ваша фамилия?” дей бередi. Негізiнде дәрiгер, медбике болу үшiн бiлiмнен де гөрi, мейiрiмдi жүрек керек пе деп қалдым. Жүрегiнде жылуы бар, жаны ашып тұратын мейiрiмдi адам ауруды дiрiлдетiп коридорға тұрғызып қоймайтын едi ғой деп ойланыыыып қайттым сол. Жоқ әлде күнде ауруларды көре берiп жүректерi қатайып кете ме екен”, – дейді Тұрсынбаева. 

Талқылау