Айнұр Тұрсынбаева науқастарға дұрыс қарамайтын мейірімсіз дәрігерлер жайлы айтты

Сейсенбі, 9 Ақпан , 2016 18:37

Танымал айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева өзі қаралған аурухана дәрігерлері мен жедел-жәрдем қызметкерлерінің ісіне жауапсыз қарайтынын айтып сынады.

12556012_1565604110430172_249157858_n(1)

“Бүгiн аяқ астынан аллергия болып, ауруханадан бiрақ шықтым. Қай аурухана, қай дәрiгер екенi маңызды емес. Жедел жәрдемнiң ауру асқынып, бүкiл дене iсiнiп бiткенде келгенiнде де емес. Маңыздысы, мұздай көлiкпен алып барып, сырт киiмдi шешкiзiп, мұздай жерге (түк төсенiшсiз кушеткаға) жатқыза салғандығында”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева aidyn_nury Инстаграм парақшасында.

Ол жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жаурап жетіп, ол жердегі дәрігерлердің де суық орынға жатқыза салғанын айтып кейіді. Тіпті, науқастардың жағдайының нашарлығына қарамастан дәрігерлерің де жылдам әрекет етпейтініне түңілді.

“Қазiр келедi деген дәрiгер 1 сағаттан асқанда бiрақ келдi. Құдай үшiн жамылатын бiрдеме берiңiздершi, қалшылдап барамын деп жалынбаған адамым жоқ. Мен жарайды шыдадым ғой. Ал жандары шырқырап, әрең тұрған ауруларды коридорда иiрiп қойып, дәрiгерлердiң сағызша созылып жүрiп алғандығын айтсаңызшы”, – дейді Тұрсынбаева.

Енді бірде айтыскер жүздері суық дәрігерлердің тіпті төсекке жата тұруға да рұқсат бермегенін айтып налыды.

“Капельница салуымыз керек деп күткiзiп қойып, салулы тұрған төсекке жатқызбайды екен. Тым болмаса мына әрең тұрған апайды жатқызсаңызшы деген өтiнiшке “главврач рұқсат ету керек” деген қатқыл жауап алдым. Бәрiбiр жатқызатыны белгiлi, капельницаны тұрғызып салмайтындығы анық едi ғой. Тастай суық жерде 90 минут жүрiп 20 минут капельница, 1 қағаз жазғызып алдым.  40-50 минут саламыз деген капельницаны 15 минут салып, палатаны босатыңыз деп қарап тұр. Әлсiреп қалдым, көлiк келгенше жата тұрайын дегенiме қарамай қуып шыға салды”, – дейді ол.

“Қолдары тимей жатқан шығар дейтiн боларсыздар, ең қызығы көбiсi бос жүр! Айналып келiп “как ваша фамилия?” дей бередi. Негізiнде дәрiгер, медбике болу үшiн бiлiмнен де гөрi, мейiрiмдi жүрек керек пе деп қалдым. Жүрегiнде жылуы бар, жаны ашып тұратын мейiрiмдi адам ауруды дiрiлдетiп коридорға тұрғызып қоймайтын едi ғой деп ойланыыыып қайттым сол. Жоқ әлде күнде ауруларды көре берiп жүректерi қатайып кете ме екен”, – дейді Тұрсынбаева. 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ай халқым, несіне оны қозғай бересіңдер, бір Аллаға сеніңіздер! Адамның ниеті тарылған заман, тек ақша берсең ғана аман қаласың.

  • Жұмбақ жан says:

    Көпке топырақ шашпаңыз Айнұр ханым. Енді қайтып ауруханаға бармағаныңызды көрейін.

  • жұмбақ жан says:

    Айнұр апай дұрыс айтасыз,менің сестрам давлениемен құлаған кезде жедел жəрдеммен барғанда иньфарк пен инсулть алған кезде ғана қабылдаймыз деп қайтарып жіберді.Ақыры миына қан құйылған кезде ғана больницаға жатқызды.Ол кезде бəрі кеш болды.Ақыры инсултьтің ауыр түрін алды.Ары қарай қалай ,қанша уақыт өмір сүретіні бір құдай біледі сестрамның.

  • Жұмбақ жан says:

    Ия казир даригерлерге каралу оте коркынышты аягынмен барып олтирип алып шыгады

  • Жұмбақ жан says:

    ее заман не болды сол болды деген заман болды балык бастан шириди деген осы гой

  • Ккк says:

    Ия Аунур дұрыс жазды. Жəй ақын қарапайым адамдар білсе дəрігерлер ауырып келседе осындай жағдай . Ойбай мен дəрігермін десеңде одан бөтен жоламай қояды.парадокс. сондықтан ауырауға тырысу керек пе деп талай қөзім жетті. Интернет бар ашып ауруды тауып аптека иттың бопасынанда көп дəріні алып жанды шақырған дурыс.

  • Жұмбақ жан says:

    Күнде көріп, жүректерініе қатаюы да бар. Екінші, ақша құлқындарын тесіп барады. Үшінші, маңызды болса қай аурухана, қандай дəрігер екенін айтар едің… Өзің айтқандай, расында да маңызды мәселе емес боп тұр ғой сен үшін… Əйтпесе фотоға, видеоға түсіріп алар едің… Онсыз мына заманда ешкім сенбейді. Құр ғайбат қана боп қалады… Тым болмағанда аурухана мен дəрігер, медбикелердің аты-жөнін көрсетіп жаз… Онсыз дəлелсіз… Дəлелсіз нəрсе — өтірік…

  • Жұмбақ жан says:

    Даригерлердин шаруасы битти. Келесі ақындар айтысының тақырыбы табылды. Айнурдын уысынан енді құтылу мумкин емес.

  • Жұмбақ жан says:

    Кеше ғана басымнан. Өтті. Жедел жәрдем келем деген ше бір жарым сағат өтті. Бала өте ауыр қалде. Емхана ға бар сақ бір еуі бір еуі не сілтеме жасап тур. Асықпай ды себебі өзін ің жаны емес ауыр ып жатқан. Әңгіме сін айтып дүние сі түгел. Айтып жеткізе алмай мын баланың халін

  • Жұмбақ жан says:

    Менің де кеше басымнан

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар