Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева кептеліспен қалай күресуге болатынын айтты

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кептеліске тап болған адамдарды ашуға берілмеуге шақырды. Ол мұндай проблемадан қалай арылуға болатынын айтып берді.

Турсынбаева Айнур-200217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, кептеліске тап болған жағдайда ашуланбаған жөн. Себебі одан көліктер азайып немесе кептеліс жоқ болып кетпейді. Есесіне сіз өзіңізге жағымсыз энергия жинап, жамандық атаулыны өзіңізге шақырасыз.

“Бір күні мені Майра Төлепберген сұxбатқа шақырды. 1 сағат ерте-ақ шыққанмын, сағат 20.00-де сол жерде отыруым керек. Шықсам пробка! Көліктер тіреліп тұр енді. Қаным басыма шапшыды. Қырсыққанда бір бағдаршам істемей қалған. Содан миыма бір ақылды ой сарт етe қалды. “Мен ашуланғаннан не өзгереді?! Неге өз-өзімді жеп отырмын?! Шопырдың кінәсі не?! Бәрібір түк шықпайды, одан да сабыр сақтайын” деп көзімді жұмып (аузымды да жауып) тыныш отыра қалдым. Сөйтіп 20.10-да келдім, ешкім ренжіп отырған жоқ, бәрі дұрыс басталды!

Айтайын дегенім адам баласы ашуланған сайын, ренжіген сайын, өкпелеген сайын, ұрысқан сайын қырсық айналдыра береді. Тіпті үйде нан біткенде пияз да, қант та, сабын да бәрі де бірден таусылып жүйкеңді жұқартып жіберетіні рас қой?! Яғни кез келген жағдайда біз үндемеу арқылы, ашуды ішке жұту арқылы, негативті игнорға жіберу арқылы өзімізге сәттілік шақырамыз. Көзім 100% жеткен нәрсе сабыр сақтаған сайын жақсылықтар көбейе береді екен. “Сабырлы жетер мұратқа” дегеніміз сол! Біреу ренжіте ме, үндемеңіз! Біреудің сіз туралы ғайбатын естідіңіз бе, үндемеңіз! Енеңіз жақтырмай ма, үндемеңіз! Барлық негативке жымиып жауап беріп үйреніңізші. Қатты ашуланып келе жатқанда “маған болмайды” деп іштей қайталай беріңіз. Сонда бәрін жеңесіз! Көп ұзамай бәрі сіздің алдыңызда иіле бастайды! Миыңызды тыныш ұстап үйренсеңіз қалаған нәрсеңіз өзінен-өзі орындала береді екен”, – деп жазады ол желідегі парақшасында. 

Тұрсынбаеваның бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Оған небәрі 2 сағаттың ішінде мыңға жуық пікір қалдырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Көпшілік Бүркіттің ата-анасын голливуд жұлдыздарына ұқсатты (фото)

Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес

Талқылау