Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева кемеде биік туфли киіп жұртты өзіне қаратты (фото)

Айнұр Тұрсынбаева инстаграм парақшасына кемеде биік өкше аяқ киім киіп түскен суретін жүктеді. Бұл суретті көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі айтыскерге тәнті болып, жас қыздай майысып тұрғанын айтса, екіншілері киіміне үйлеспейтін туфли кигенін тілге тиек етті.

000000

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айнұр Тұрсынбаева мен құрбысы Алтынай Жорабаева дәл қазір Анталияда демалып жатыр. Қос өнерпаздың суреттеріне қарап қымбат қонақ үйде орналасқандарын  байқауға болады. Олар теңіз суына шомылып, аймақты кемемен аралауды жөн көрсе керек.

Бірнеше сағат бұрын айтыскер кемеде түскен суретін желіге жүктеді. Жұрт Тұрсынбаеваның сұлулығына тәнті болды. Бірақ бәрінен бұрын биік өкшелі аяқ киімі жұрт назарына ілікті. Бірі жас қыздай майысып тұрғанын айтса, енді бірі кемеде туфли киюдің орынсыз екенін айтып жатты.

“Ерекше демалыс болды. Көңіл-күйім де ерекше. Тәтті түс көріңіздер, жақсыларым” – деп жазады Айнұр Тұрсынбаева суретінің тұсына.

“Өте әдемі сурет. Мына суретіңізге қарап мен демалып қалдым. Ерекшесіз. Сізге ұқсағым келеді”, “Бәрі керемет! Осылай әдемі болып жүріңіз, құрдасжан”, “Неткен нәзіктік, неткен сұлулық!”, “Айналайын Айнұр сіңлім, өмірде өз орны бар қазақтың ақылды келінісің. Барлығы жарасымды. Аман бол, бақыт тілеймін” дейді желі қолданушылары.

Ал биік өкшелі туфлиі ұнамай қалғандар “Теңізде мынандай аяқ киім не керек?! Біздің қазақ байыбына бара бермейді ғой”, “Жайпақ аяқ киімі болғаны дұрыс шығар”, “Ия, расымен де, жайпақ аяқ киім кигені дұрыс қой”, “Аяқ киімі келіспей тұр”, “Барлығы керемет, тек аяқ киімі үйлеспей тұр” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева майлы бетті қалай күту керектігін айтты

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау