Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Қазір еркектермен қосылып өсек айтатын болдық

Айтыскер инстаграм парақшасында кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында ол желі қолданушыларын өсек сөз айтпауға шақырды.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айнұр Тұрсынбаева дәл қазір құрбысы Алтынай Жорабаевамен Анталияда демалып жатыр. Ол күн сайын түрлі суретін бөлісіп, демалысының қалай өтіп жатқанын баяндады. Аталған жазбаларға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Арасында жағымсызы көп болса керек, айтыскер оларды ғайбат айтпауға шақырды.

“Қазір әйел түгілі еркектермен қосылып өсек айтатын болдық қой. Қарап отырып күнәға батып отырамыз. Күннен күнге өршіп барамыз. Айтпайын десек те айтып қоямыз.  Жамандағаным емес деп жамандап қоямыз. Ғайбат болмасын деп ғайбаттың батпағына батып отырамыз. Әңгімеге араласпайтын адам көрмедім. Біреуді жамандап жатқанда “Алла разылғы үшін тоқтатайық” деп жатқан тағы ешкім жоқ.

Қасымызда отырған бір адам тұрып кетсе соны ғайбаттай бастаймыз. Ол адам естімесе , Алла бәрін көріп тұр ғой! Қанша күнә жасасақ сонша қиындық күтіп тұрған жоқ па?! Біз өз несібемізді өзіміз кемітіп жатырмыз. Өз жолымызды өзіміз жауып жатырмыз. Жамандаған адамнын күнәсін көтеріп алып, қарап отырып күнәға батып, өзімізге жамандық істеудеміз. Сөйтіп отырып Аллаға не жаздым деп күпіршілікке барып қоямыз. Байқайықшы, бауырлар”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

“Тамаша айттыңыз! Ащы болса да шындық”, “Өте орынды шындық. Сіздің жазған жазбаларыңыз өте мәнді, мағынасы зор. Қазақша әрі жеңіл. Кейде оқып бір күліп, бір жылап та аламыз. Көбірек осындай мәнді әңгімелер жазып тұрыңызшы”, “Айнұр апай, өсек айтып күнәға батып жатырмыз ғой. Дұрыс айтасыз” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева майлы бетті қалай күту керектігін айтты

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау