Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Ешқашан адамның тиыны мен қызметіне қарап араласқан емеспін

Кім болсаң да – қарапайым бол. Айнұр Тұрсынбаева желідегі оқырмандарын жан сырын ақтарды. Айтыскер ақынның айтуынша, көкірегін керіп, өзін “жұлдыз” санап кететіндер уақыты келгенде бәрібір “құздан” құлайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айнұр Тұрсынбаева

Фото: Айнұр Тұрсынбаеваның жеке мұрағатынан

“Адамды ең биік шыңға шығаратын не екенін айтайын ба?!Қарапайымдылық! Адамды бағалау! Саxнада 25 жыл жүріп көзім анық жеткен нәрсе өнер тәкаппарлықты қабылдамайды. Бүгін танауын аспанға көтеріп жүргендер ертең-ақ жалп етіп құлайды. Адам биіктеген сайын кішірейіп үйрену керек. Мен бүйттім, мен жұлдызбын, мені ғана сұрады xалық, маған ғана шулады деген сияқты “мендер” адамның түбіне жетеді.
Атақты болу қиын, абыройсыз болу демде!” – дейді ақын.

Тұрсынбаева бұл орайда айналаңа сүйікті болудың жолдарын ұсынды.

“Ішкіш бол, сараң бол, қаңғыбас бол, ол енді өз шаруаң. Бірақ қарапайым бол! Өзіңнен жоғары кетіп бара жатқандармен алыспа! Өзіңе тілеген нығметті басқаға тілеп үйрен! Қу нәпсің жібермесе де соны жаса! Сонда бәрін жеңесің! Мен үшін сүйікті болудың жалғыз жолы осы!” – дейді ол.

Ақын біреудің тиынын санамайтынын, қызметіне қарап араласпайтынын мақтана айтты. Оқырмандарына да сондай қасиетті тіледі.

“Мен үшін адамдардың бай, кедейі жоқ! Бәріміз xалықтың бір бөлшегіміз. Сіздерді шексіз жақсы көремін. Қазақтың мен сияқты қара қызы көп, мені төбесіне көтеріп құрметтеген xалқымның арқасында талай белеске шықтым. Маған өнер берген Алла, бедел берген халық! Мен осы қағиданы ұмытсам онда өлгенім! Осы бір кеште ойланып отырып ауылымды сағынып кетсем бола ма?! Саxнада отырғанда жұртымның жүзіме қарап шуылдатып шапалақ соғып отыратын кезін аңсап кеттім. Сондай кезде аспанға ұшып кеткім келеді осы. Соны жаза салайын деп сол. Құшақтадым!” – деп түйіндеді сөзін Тұрсынбаева.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау