Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева балаларды жетімдер үйінен алып кетуді өтінді

Айнұр Тұрсынбаева Алматыдағы балалар үйінде болып қайтты. Айтыскер ақын балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қос бүлдіршіннің ата-анасына үндеуін жеткізді.

турсынбаева-230217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол Ләйлә мен Костя есімді балалардың ақылды да өнерлі, әрі сүйкімді екенін жеткізді.

«Алматы қалалық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балапандар. Құрметті Лейла мен Костяның мамалары! Сіздерді балапандарыңыз сағынып күтіп жүр. 8-наурызбен құттықтағысы келеді. Қараңыздаршы, қандай сүйкімді ұл мен қызды өмірге әкелгенсіздер. Бұлар өсетін балалар. Өте тәрбиелі, өнерлі, ақылды. Уақыт созбай келіңіздерші. Қүлыншақтардың сыңғырлаған күлкісі мен тәтті үніне мас болып бақытты ғұмыр кешіңіздерші», – деп жазады ол.

Ақынның жазбасын оқыған желі оқырмандары жантебірентерлік тілектерін білдірді. Біреулер балалардың ата-аналарының тезірек табылуын тілесе, ендігілер “қос бүлдіршінді Тұрсынбаеваның өзі асырап алса” деп кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат елге танымал әннің мәтінін бұзып айтқаны үшін сыналды (видео)

Әуелбекова баласын “тастап” клип түсіруге кірісті (фото)

Ерлан Орынбасаров әйелінің бірінші некеден туған баласы жайлы айтты

Екі рет тұрмыста болған Шахизада тағы да ғашық болып қалды

Талқылау