Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Ашып айтпаса да, екінші әйел болып жүргендер көп

Қыдырәлінің мерейтойлық концертінің алдында Қарақат “Тоқал алып беремін” деп жұртты шулатқан болатын. Әріптестерінің бірі оларды расымен де ажырасқалы жатыр десе, енді бірі керісінше отбасының тату-тәтті екенін айтқан. Кейінгілерінің қатарында Айнұр Тұрсынбаева да бар.

13743459_1234154659958177_1076596554_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Қасымдағы кісілер Қыдекеңе қарап “Мына кісіні елуде деп кім айтады” деп жатыр. Расымен де, Қыдекеңнің сахнадағы биі мен энергетикасына қарап ол кісіні елуде деп айту қиын. Қарақат екеуі өзінің бақ-беделін жоғалтпаған, өзінің биігінен еш төмендемеген жұп. Сондықтан махаббаттары мәңгілік болсын дегім келеді”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Ары қарай айтыскер ақын тоқал алу мәселесі туралы сөз қозғады. Қазақ қоғамында ашып айтпағанымен, бүгінде ер азаматтың екінші әйелі болып үйленіп жатқандардың бар екені туралы да айтты.

“Қарақат біз білмейтін, қоғамда жоқ, қазақ түсінбейтін нәрсені айтқан жоқ. Қарақат бар болғаны “Қыдекең тоқал алғысы келсе, қарсылығым жоқ” дегісі келді. Рұқсатымды беремін, туған күніне сыйлығым сол болсын деді. Бұл мұсылмандар әлемінде бар нәрсе болғандықтан, шошынып қараудың қажеті жоқ. Біздің қоғамда ашып айтылмаса да, екінші әйел болып, екінші отбасы болып жатқандар өте көп. Сондықтан одан шошынудың қажеті жоқ”, – дейді ол.

Айнұр Тұрсынбаева “Kazaitys.kz” порталының оқырмандарымен пікір алмасып отырып өзінің екінші рет тұрмысқа шыққанын, жолдасының өзі туралы айтылғанды көп қаламайтыны туралы баяндаған болады.

Айтыскердің қазіргі жолдасы – Шамсат Исабеков. Еліміздегі шенді қызметкер әрі Таэквандо федерациясының президенті.

“Жалпы жолдасым отбасымыздың көпшілік талқысына түскеніне өте қарсы адам болғандықтан қысқа жауап берейін. Жар таңдауда жолым болған адаммын. Өнерде де, өмірде де тиянақты, материялдық түрде көмектесетін, менің ғана емес отбасымыздың тірегіне Аллаһ куат берсе екен деп амандығын тілеп қана отырамын. Аллаһ барша қыз-келіншектерге әйел бақытын нәсіп етсін!” – дейді Тұрсынбаева өзінің жолдасы туралы айта отырып.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Жар таңдауда жолым болған адаммын

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Айнұр Тұрсынбаева: Жар таңдауда жолым болған адаммын

Талқылау