Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Нұрсейіт ұшақтағы төбелес туралы: Әкем балалы әйелдің қылығына шыдай алмады

Кәсіпкер келіншек Айнұр Нұрсейіт Анталия-Алматы ұшағы бортында болған жағдай туралы пікір білдірді.

DSC_5242_новый размер(1)

Фото: comode.kz 

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Аталған бағыт бойынша чартерлік рейсті орындаған түркиялық әуекомпания ұшағы бортта болған төбелес кесірінен Ақтауға қонуға мәжбүр болған.  Оның айтуынша, ұшақта әйел баласымен отырған. Оның баласы жылап, елдің мазасын алады. Әйел оны жұбатуға еш әрекеттенбеген.

«Ол әйел қасында отырған анасымен ұрсыса бастады. Сосын біздерге айқайлады. Арада дау шықты. Менің әкем біздерден бөлек отырған. Ең жаман жері, ол ішіп (алкоголь) алған болатын. Жалпы, ол -табиғатында өте жуас адам. Оның ішіп алғанын біліп, әлгі келіншек оған тиісе бастады. Әкем оның айқайына шыдай алмай, қарсы шықты. Осы кезде бір жас жігіт әкемді бетінен ұрып жіберді. Төбелес басталып кетті. Әкем үшінші топтағы мүгедек. Сондықтан, ол жанжалдан аулақ жүреді. Ол спортшы емес, суретші», – деді Нұрсейіт.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JET\ATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған. Анталья – Алматы ұшағындағы ұрысқа жылаған сәби себеп болған.

Оқи отырыңыздар:

Астанада полицейлер шу шығарған бойжеткенді ұшақтан түсіріп тастады

140 жолаушысы бар ұшақ ұшқыштары ұшу кезінде ұйықтап қалған

Алматыда мас бойжеткен ұшақта шу шығарып, рейсті бөгеді (видео)

23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр (фото)

 

Талқылау