Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Ілиясова ашық-шашық фотосессиясына қатысты пікір білдірді

Белгілі қазақстандық актриса Айнұр Ілиясова күйеуінен жасырын түрде эротикалық сипаттағы фотосессияға түскенін мойындады. Айтуынша, жолдасы суреттерді көрген кезде ұрыс-жанжал шығармаған. Алайда ризашылығын да білдірмеген.

screen gagarin

Фото: скриншот  Gagarin

«Ол жерде ешқандай жалаңаштану болған жоқ. Әрине, арқам ашық болды. Бірақ суға түскен кезде біз шомылу киімімен түсеміз ғой, түсеміз. Сондықтан да ол жерде көркемдік, әдемі суреттер болды. Оны басқа жағынан көре алған адам ғана тани біледі. Ал енді таяздау адамдар басқа мағынада түсінеді», – деді актриса 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Тұрмыс құрып, ана атануға дайындалып жүрген актриса фотосессияға түспес бұрын күйеуінің рұқсатын алмағанын мойындады.

«Фотографтардың, жалпы түсірілімге қатысқан жандардың бәрі әйел адамдар болды. Сондықтан мен еш қысылған жоқпын. Ал күйеуіме басында айтқан жоқпын. Кейіннен білді. Ол өнерді түсінетін адам. Суреттерді басқа қырынан көрді. Көріп мәз болған жоқ, әрине. Бірақ ұрыс-жанжал да шығарған жоқ, түсіністікпен қарады», – деп атап өтті Ілиясова.

Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимов: Үйленгенін жасыратын әншілерді түсінбеймін

Дизайнер Жадо күйеуіне өзге әйелдермен жүріс жүруіне рұқсат бергенін айтты

Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады

Абай Бегей: Ажырасқан әйелді жар етіп алуға қарсы емеспін (фото)

Талқылау