Айнұр Ілиясова бал айын Үндістанда өткізіп жатыр (фото)

Жұма, 5 Тамыз , 2016 13:38

Айнұр Ілиясованың тұрмысқа шыққанына екі ай болды. Ол дәл қазір жодасымен бірге Үндістанда бал айын өткізіп жатыр.

13658609_570110769858400_567376260_n

Фото: instagram.com/ainur_ilyasova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса жуырда тұрмысқа шығып, кино стиліндегі ерекше қызойнақ өткізген болатын. Тойларын 3 маусым күні “Қазақстан” қонақ үйінің мерекелік залында жасады. Туысқандарынан бөлек Луина, Әділ Лиян, Марат Оралғазин, Гүлнәр Силбаева, Диас Аблаев сынды достары келген. Енді міне қос ғашық Бали аралдарында демалып жатыр.

Алғашқы күні Үнді мұхитының жағалауына барып, түрлі косметологиялық процедуралар жасатқан.

“Ұзақ уақыт жол жүріп келген соң бірінші күні тек демалуды жөн көрдік. Жарты күн бойы спа салонда түрлі косметологиялық процедура жасаттық. Жергілікті сағат 19:40 болғанның өзінде ауа температурасы 27 градусты көрсетіп тұр. Бізге де керегі осы еді. Дәл қазір Үнді мұхитының жағалауында табиғаттың көркіне тамсанып, демалып отырмыз”, – дейді Айнұр Ілиясова.

13712225_153271565105717_1009083980_n

13736962_1180496318698064_1939561358_n

13721184_529712357239982_2034637185_n

13628271_1749241911981126_1586509555_n

Келесі күні Батуан ғибадатханасына баруды жөн көрген. Кіру үшін 20 000 рупи төлеген екен. Бұл шамамен 500 теңге болады, Жергілікті тұрғындар осылайша Құдайдың ризашылығына бөленетіндіктерін айтқан. Мұнымен қатар, Отанында жоқ жан-жануардың түр-түрін көргендігін айтады. Әсіресе, үлкен көбелек өзін қатты таң қалдырған екен.

“Осындай көбелек көргендерің бар ма?! Шынымды айтсам, түрі біраз қорқынышты, аяқтары жыбыр-жыбыр етіп, адамды аздап сескендіреді. Дегенмен, құдайдың жаратқаны тамаша-ақ! Бали аралына келсеңіздер, міндетті түрде көбелектер бағына барыңыздар”, – дейді ол.

13696420_1404523832897700_1574910385_n

13694400_307664319578899_724808800_n

13712373_1748214815418037_495170960_n

image

Ал кеше жұп некелескендеріне екі ай толғанын атап өтті. Теңіз жағасында отырып романтикалық ас ішкен екен.

“Бүгін біз үшін ерекше күн! Көп нәрсе жазғым келмейді. Бар болғаны осы өміде бар болғаның үшін рахмет! Және біздің қосылуымызға тілекші болған жандарға алғысым шексіз. Бүгін жақсылап тойлаймыз!”, – дейді Айнұр Ілиясова. Қос ғашықтың қуанышын желі қолданушылары да бөлісіп, бақыт тіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Ілиясова долманы қалай әзірлейтінін көрсетті (видео)

Актриса Айнұр Ілиясова тұрмысқа шықпақ

Айнұр Ілиясова кино стиліндегі ерекше қызойнақ өткізді (фото)

Алматыда Айнұр Ілиясованың тойы өтті (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар