Айман Мұсақожаева мен Рашид Нұғыманов Канн кинофестивалінің қызыл жолымен жүріп өтті (фото)

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 9:55

Биылғы 69-шы Канн кинофестивалінде атақты Круазет жағалауындағы қызыл жолдың үстімен ҚР халық әртісі, «Еуразия-2015» халықаралық кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева мен белгілі қазақстандық кинорежиссер және продюсер Рашид Нұғыманов жүріп өтті. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

6547

Қазақстандық мэтрлер қазақстандық павильонды ұйымдастыру мен оның жұмысына басшылық етеді.

Канн кинофестивалінде «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің таныстырылымынан бастап, отандық жас режиссерлердің қысқа метражды жұмыстарына дейін ауқымды қазақстандық бағдарлама ұсынылатыны атап өтілген.

878

Айта кетейік, отандық жас режиссерлер үшін жыл сайын беделді кинокөрсетілмдерге қатысу дәстүрге айналды. Биылғы жылы Канн кинофестивалінің Short Film Corner қысқа метражды фильмдер бағдарламасында қазақстандық жас талантты режиссерлердің 11 жұмысы көрсетіледі. Олардың арасында ҚазҰӨУ магистранты Айдос Сейітжан түсірген «Туған» деп аталатын қысқа метражды лента да бар.

2004 жылы құрылған Short Film Corner жобасы шығармашылығын жаңадан бастаған кинематограистерге өз жұмыстарын көрсетіп, байланыстарды жолға қоюға, болашаққа ынталануына үлкен мүмкіндіктер ашады. Биылғы жылы бағдарламада әлемнің барлық түпкірінен 2000-ға тарта фильм көрсетіледі.

45454

Біздің қазақстандық павильон Астанадағы Өнер университеті дайындайтын ұлттық қазақ киносының болашақ шеберлерімен кеңінен таныстыруға бағытталған. Павильон жұмысы аясында ҚазҰӨУ ректоры, профессор А.Қ.Мұсақожаева оқытушылармен және студенттерімен бірге университет жұмысын, сондай-ақ «Еуразия» халықаралық кинофестивалін таныстырады.

1474

Стенділерде қазақ фильмдерінің постерлері, «Еуразия» ХКФ бейнефильмдері, студенттік фильмдердің тизерлері ұсынылады. Кинофестиваль бағдарламасы аясында барлық тілек білдірушілер Айдос Сейтжанның «Шолпан», Мансұр Баймұхамбетовтің «Пайымдаушы», Аян Найзабековтің «Ұмытпа», Рамазан Халиұлының «Қамшы» фильмдерін және басқа да жұмыстарды көре алады.

1441

Кинофестивальда бұған дейін әр жылдары қазақ киносының белгілі шеберлері Дәрежан Өмірбаевтың, Әділхан Ержановтың, Нариман Төребаевтың фильмдері көрсетілген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар