Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айлығын журналистерден жасырған Сапарбаев табысын жариялады

Айлығын айтпай журналистердің сынына ұшыраған Бердібек Сапарбаев ақыры табысын жариялады. Ақтөбе облысының әкімі 863 мың теңге жалақы алады екен, – деп хабарлады КТК арнасы.

e94618e03d51a82a4dfa457b83b
Бердібек Сапарбаев сонымен қатар өзінің қарамағындағыларының да  айлығын жайып салды. Бес орынбасарына мемлекеттен айына екі жарым миллион теңге бөлінеді екен. Ал жақында ғана тағайындалған қала әкімі Ілияс Испановқа 451 мың теңге жалақы қойылыпты. Сондай-ақ, басқа өңірдің басшылары да табыстарын жариялады. Ақтөбеден Қостанай өңіріне ауысқан Архимед Мұхамбетов Сапарбаевқа қарағанда айлықты 150 мың теңге аз алады. Көрші орналасқан Қызылордадағы Көшербаев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың айына алатын ақшасы жеті жүз мың теңгеден асады. Мұнайлы мекен Атырау аймағының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жалақысы миллион теңгеге жақындайды. Ал Маңыстаудағы Алик Айдарбаев атыраулық әріптесінен екі жүз мың теңге аз алады.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарағанды облысының әкімі қанша табыс табатынын жария етті

Әкімдер қанша айлық алатындарын жасырмай айтты

Талқылау