Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айлығы аптасына 990 мың теңге: Саяхатшы қызметіне адам іздестіріліп жатыр

Royal Caribbean круиздік компаниясы саяхатшы қызметіне бос орын ашық екенін мәлімдеді. Ол үш апта бойы круиздік лайнермен жүріп, түрлі елдердің жағалауларын зерттеуі тиіс.

Айлығы – аптасына 990 мың теңге: Саяхатшы қызметіне адам іздестіріліп жатыр

Бұл туралы Evening Standard басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Іріктеуден өткен үміткер үш апта мерзімге сапарға аттанып, саяхатшы Руис Фрэнсистің шәкірті болады. Руис Фрэнсис 2016 жылы осы тәрізді қызметке келген.

«Жағалауларды зерттеушінің» міндетіне Instagram желісіндегі парақшасында сапар кезінде түсірілген фотосурет, видео және stories жариялау кіреді.

«Бізге андреналинге тәуелді, түрлі жағдайға тап болғанды ұнататын, түрлі сәттерді камераға түсіруді білетін және әлеуметтік желілерде өзінің сапары туралы айта алатын адам қажет», – делінеді хабарландыруда.

Royal Caribbean компаниясы осы талаптарды орындаған қызметкерге аптасына 2,6 мың доллар беруге уәде етеді.

Өтініш беру үшін, Instagram желісінде өзіңнің ең үздік сапарың туралы оқиғамен бөлісіп (фотосурет немесе видео да жариялауға болады), Royal Caribbean парақшасын белгілеп, #ShoreExplorer хештегін қою керек. Өтініштер 4 ақпаннан 1 наурызға дейін қабылданады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр