Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айлакер иттің шомылмау үшін өтірік өліп жатқан видеосы жұрттың ішек-сілесін қатырды

Ғаламторда суға түспес үшін қожайынын алдап, өліп жатқан күй танытқан иттің әрекеті танымал болып, желі пайдаланушыларын күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Айлакер иттің шомылмау үшін өтірік өліп жатқан видеосы жұрттың ішек-сілесін қатырды

Нгуанг атты бангку тұқымды ит нағыз актердің өзі екен. Қулық жасаған итке бұл әрекеті үшін тіпті, Оскар жүлдесін де беруге болады.

Оның қожайыны итінің осындай күлкіні келтіретін қайғылы күйін әр серуен сайын көруге мәжбүр. Себебі, жануар үнемі серуеннен оралғаннан кейін, иесі оның үстіне жабысқан көшенің кірін жуатын кезде шомылғысы келмей, осындай қулыққа барады.


Тағы оқыңыз: Иттер туралы таңғажайып мәлімет


Ит суға түспес үшін қозғалыссыз жатып алып, өлген кейіп танытады. Ол осындай жолмен иесінің аяныш сезімін тудыруға тырысады. Бірақ, үйдегі тазалық үшін күресте оған бұл қулығы да көмектесе алмайды.


 

Талқылау