Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқынның әнші болуына қолтырауынның қандай қатысы бар

Луина бүгінде қысқа көйлек кигенді ұнатса да, мектеп қабырғасында тәртіпті оқушылардың қатарында болған. Үнемі ақ бантигін тағып, ел қатарлы мектеп формасын киюді жөн көрген. Ал Айқын бұзық бала болып өскен. Тіпті, ағасы үшін жұдырықтасып, өзге балалармен төбелесетін кездері де болған екен.

image

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Жұлдыздар Comode.kz басылымына берген сұхбаттарында бала күнгі естеліктерімен бөлісті.

Әнші Айқын Төлепберген жастайынан бұзық болып өскен екен. Бірде ол аяғын сындырып, бір ай бойы үйде жатқан. Есесіне уақытты құр жібермей бес жасында бірнеше күйді меңгерген болып шықты.

“Менің бала күнгі естеліктерім өзім барған балабақшамен тікелей байланысты. Сол жердегі бір жағдай менің болашақта әнші болуыма әсер етті. Ол кезде небәрі 5 жаста болатынмын. Естеріңізде болса, ол заманда балабақшадағы ойын алаңында тұрған заттардың барлығы ағаштан жасалатын. Әр алаңда қолтырауынға ұқсайтын  ағаштар болатын. Мен оның не үшін жасалатынын білмеймін. Біреулер үстіне отырады, енді екіншілері үстіне шығып алып ары-бері жүреді.

Досым екеуіміз неге екені белгісіз, әлгі қолтырауынды жерден көтеріп көрмек болдық. Оны екі жағынан ұстап көтердік. Салмағы тым ауыр болып, аяғыма түсіп кетті. Аяғым сынып, бір ай үйде жаттым. Ең бастысы, мен бұл бір айлық “демалысты” құры жібермей, музыкамен айналыстым. Өз бетіммен домбыраны меңгеріп, бірнеше күй тартып үйрендім. Менің шығармашылық жолым осылай басталды. “Жасалмағанның барлығы жақсылыққа” деген сөз тегін айтылмаса керек”, – дейді Айқын Төлепберген.

12256591_1667495576832658_1093270031_n

Фото: instagram.com/ainur_ilyasova/?hl=ru

Айнұр Ілиясова ерке болып өссе керек. Киімді өзі таңдағанды ұнатқан екен. Тіпті, ата-анасы алып келген киімдерді кимей, байбалам салады екен. Бір күні қызының бұл әрекетіне ашуланған анасы оған өзі жақсы көрмейтін көйлекті күштеп кигізген.

“Бала күнімде өзім жақсы көрмейтін көкшілдеу көйлегім болды. Дәл қазір оның не себепті ұнамағаны есімде жоқ, әйтеуір көңіліме жақпайтын. Бір күні анам сол көйлекті күштеп кигізіп, мені көшеге жіберді. Көшеде тұрғаным сол еді көйлегіме бір көбелек келіп қонды. Көбелектерді ерекше жақсы көретінмін. Артынша көбелекке ұнаған көйлегім өзіме де ұнай бастады”, – деп Айнұр Ілиясова әлгі көйлек туралы ойының өзгергенін жеткізді.

image

Фото: instagram.com/luinaofficial/

Ал Луинаның өнер жолына түсуіне кумирі әсер еткен. Әншінің кумирі Роза Қуанышқызы екен. Ол Роза ханымды ең алғаш көрген сәтін баяндап берді.

“Бала күнімде алғаш рет Роза Рымбаеваны көрген сәтім есімнен кетпейді. Бұл Ақтауда болды. Ол аталған өлкеге концертпен келді. Жасым нешеде болғаны есімді жоқ. Бірақ үстіме қандай көйлек кигенімді, атам мен әжемнің мені концертке қалай ертіп барғаны, Роза Қуанышқызының қандай көйлекте болғанын жіпке тізгендей етіп айтып бере аламын”, – деп Луина бүгінде сүйікті әншісімен бір сахнада жүргеніне қуанышты екенін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Айқын Төлепберген қызына өз әнінің атын қойды

Айқын Төлепберген әнші атанғанша құрлысшы, жүк тасушы болып жұмыс істеген

Алматыда Айнұр Ілиясованың тойы өтті (фото, видео)

Луина қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскені үшін сынның астында қалды (фото)

Талқылау