Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын жеке өмірі жайлы: Барлығының келісімімен осы жолды таңдадым

Айқын жеке өміріне қатысты құпияның құлпын ашқанымен, әншіге жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларының қатары азаяр емес. Көпшілік әлі күнге дейін Жұлдыз Өмірғалимен бас қосқан әншіні сынауда. Десе де, “жеке өмір жеке болып қалу керек” деген пікірді ұстанатын Айқын әлі де халықты сабырға шақыруда.

Айқын Төлепберген

“Еуразия” бірінші арнасына сұхбат берген Айқын жеке өмірі мен бала тәрбиесі жайлы ой бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Әркімнің өз тағдыры бар. Мен де барлығының келісімімен, осындай жолды таңдадым. Бұл – менің жолым. Біреудің өмірін сүріп көрмесең, оның сыртынан сөз айтудың қажеті жоқ. Әсіресе, менің балаларыма тиіп кетсе, ұнатпаймын. Менің мақсатым – балама дұрыс тәрбие беру. Кезінде әкем маған: “Балам, сені мақтан тұтамын”, – деді. Мен де балаларыма осы сөзді айтсам деймін.

Әкем мені қазақ тілді етіп тәрбиеледі. Өнерге деген махаббатымды оятты, дастарханнан тұратын кезде “әумин” деп айтуды үйретті. Мен де балаларыма тура сондай тәрбие берсем деймін”, – дейді Айқын.
Әнші биыл 1-сыныпқа барған тұңғышы Аңсарға көп уақыт бөлуге тырысатынын атап өтті. Сабақ үлгерімін қадағалауды анасына тапсырғанымен, үнемі гастрөлдік сапарда жүретін Айқын ұлының бос уақытын жіті қадағалайтын болып шықты.

“Балам “әкеңе айтамын” деген сөзден қорқады. Балаларым менен жақсы болса, менен көпті білсе, көрсе деп армандаймын.

Бұрынғы кезде әкең іссапарға кетсе, оны 40 күндеп көрмеуің мүмкін. Ол сенің тәрбиеңде ешқандай рөл атқармайтын. Ал бүгінде әлеуметтік желі арқылы күнде байланысуға болады. Баламның қай кезде не істегенін күнделікті біліп отырамын.

Боксты өзім үйретемін, әртүрлі ойындарды бірге ойнап, уақыт өткіземіз. Ал бірақ сабағын қадағалау – анасының жұмысы”, – деп түсіндірді Айқын Төлепберген.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау