Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: Тойдан табатын миллионды толықтай ақтаймын

Танымал әнші Айқын Төлепберген «Хабар» арнасындағы «Компромат» бағдарламасына қатысып, ел аузында жүрген түрлі сауалдарға жауап берді. Instagram-да миллионнан аса оқырманы бар Айқын тойдан кем дегенде миллион теңге көлемінде табыс табатынын жасырмады. Ол үшін концертте болсын, тойда болсын тек жанды дауыста ән салатынын, аянбай еңбек ететінін айтып өтті. Сондай-ақ, ол мұрнына ешқашан пластикалық ота жасатпағанын мәлім етті.

айкын-0123

Назарларыңызға аталмыш сұхбаттан үзінді ұсынамыз.

– Тойдан алатын гонорарыңыз 1 миллионнан асып түседі. Кез келген қазақтың қалтасы көтермейді мұны, бірақ кез келген болмаса да көпшілік қазақ сізді өз қуанышынан көргісі келеді. Бұл бағаны қандай талаптарға сүйеніп қойдыңыз?

– Мен ол бағаны аспаннан алған жоқпын. Шоу-бизнеске енді ғана қадам басқан кезде маған ұқсас әншілердің бағаларына қарап қойдым. Қазір менімен бірге шыққан, деңгейі маған ұқсас әншілердің бағалары бұдан да жоғары боп тұр. Менікі қайта олардан төмен. Кез келген тойда болсын өз алған ақшамды маңдай теріммен табамын. 5-6 ән айтқаннан кейін көйлек деген су болып кетеді.

– Мұрныңызға пластикалық ота жасаттыңыз? Ол не үшін керек болды?

– Пластикалық ота жасатқан емеспін. Негізі тамағым мен мұрным жиі ауырады. Бір жолы дәрігер мұрнымның ішінен ет өскенін айтты. Ота жасатып, алдырып тастадымОдан бөлек «Жұлдыздар боксына» қатыстым. 1-2 рет соққы алдым. Мүмкін сол кезде кішкене пішіні өзгерген шығар.

– Сосо Павлиашвилимен жазған дуэтіңізді халық көрді, тамсанды. Жарыңызды бірінші рет көрсеттіңіз. Бұл кімге қажет болды? Туынды материалдық табыс алып келді ме?

– Бұл менің тілегімнен туған нәрсе. Сосо Павлиашвилиді өзім өте жақсы көремін. Бала кезімнен болмаса да, жас кезімнен бұл кісінің әндерін сүйіп тыңдағанмын. Кез келген кәсіби музыкант оның бағасын біледі. Оның үстіне бұл туындыға бір тиын төлеген жоқпын. Бір тойда көрісіп қалдық, сонда танысып келісік. Қандай әнші екенімді айтып, әндерімді жібердім. Ұсынысты өзім жасадым. Ол кісі де ақшаға қарап қалған жан емес. Ақшасы да, студиясы да, жеке кәсібі де бар.

– Сөзіңізге қарасам, тегін нәрсеге көп жүгіретін сияқтысыз?

– Ресейлік әншіге пәленбай ақша беріп, онымен бірге ән айтқаннан гөрі, ол сенің өнеріңді бағалап, сенімен бірге дуэт орындап жатса, шығармашылығыңды бағалап жатса, оның еш жамандығы жоқ деп ойлаймын.

– Танымалдылықтан, табыстан айырылып қалудан қорықпайсыз ба?

– Меніңше, ол кез келген өнер адамының қорқынышы. Сол үшін талаптанып еңбек етіп жатырмын. Ол үшін кез келген сахнаға шығып, халықтың алдында концертте, тойда, 100 %-ға берілуге тырысамын. Жалпы көрерменнің 50%-нан астамының көңілінен шықсаң, келесі жолы сені тағы да көргісі келеді. Сондықтан сахнаға шыққан сайын өзімді 100 пайыз көрсетуге тырысамын.

– Күйзелістен қалай шығасыз? Кезінде өнер әлемінен шететтілген кездеріңіз де болды?

– Шеттетілген емеспін. Бірақ еліміздегі №1 музыкалық арнаның қара тізіміне ендім. Ілінген себебім – сол арнаның продюсері мен менің продюсерімнің арасында келіспеушіліктер болып қалды. Бір арнаға жолым жабылып қалғанымен, ол ештеңені шешкен жоқ.

Ал күйзелістен шығу үшін достарыммен кездесемін, жанұяма барамын, қошақанымды иіскеймін, ән айтамын.

– Ер азамат көз жасын көрсетпейді, ішінен еңкілдеп жылайды дейді. Өз өзіңді баса алмай жылаған сәтің есіңде ме?

– Автокөлік алу үшін жарты жыл еңбектеніп, ақша жинап, ол қолды болған кезде бір жылағаным бар.

– Өмірде қандай сұрақтан қорқасыз?

– Сұрақтан емес, әке-шешемді, жақындарымды ренжітіп алудан қорқамын.

– Мұсылманның бес парызы белгілі. Қазақтың бес парызы деп нені айтар едіңіз?

– Бірінші – тілді сақтау. Балаңа қазақша үйрет, өзің білмесең ауылға жібер немесе қазақша мектепке жібер. Екіншісі – әке-шешеңді құрметтеу. Үшінші – жанұяң. Төртіншісі – еліңді сүю, патриот болу. «Патриотпын» деп жай жүре бермей, оны іспен дәлелдеу. Төртінші – тарихыңды білу.

– Бағдарламаны досыңыз да, дұшпаныңыз да көреді. Арыңыздың алдында тазамын деп ойлайсыз ба?

– Өзім Айқын жігітпін. Өтірік айтқанды жақсы көрмеймін. Мүмкін кей тұстарда ойымды жеткізе алмаған шығармын. Бірақ арым таза.

– Біреумен ренжіссеңіз өзіңіз бірінші кешірім сұрайсыз ба әлде «Айқынмын, өзі келсін» дейсіз бе?

– Мен ешкімге ренжімеймін. Түсініспеушілік болған күннің өзінде тез ұмытып кетемін. Мен, тіпті, біреуге ақша берсем де есімнен шығып кетеді.

– Жауаптарыңызға қарасақ, мінсіз жігіт сияқтысыз. Өмірде неше түрлі болады. Қызыл шарап дегендей…

– Ондай арасында болады. Бірақ мен темекі шекпеймін, басқа да жаман нәрселер істемеймін. Анда санда достарыммен жиналғанда шарап ішетінім бар.

– Білуімізше, жанжалдың ортасында жүретін адам емессіз?

– Иә, ол рас. Бірақ жұмысқа келгенде берген уәдесін орындамаған адамға қаталмын. Айтылған нәрсені талап етемін.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева намысына тіл тигізген желі оқырманын сотқа бермек (фото)

Асхат Садырбай жантүршігерлік жол апаты туралы айтып оқырмандарын адамгершілікке шақырды

Қар күреген Гүлнұр Оразымбетова тыңдармандарын таңқалдырды (видео)

Қайрат Нұртастың анасы: “Өкініш” – түнімен жазылып таңертең түсіріле салған фильм

 

 

 

 

Талқылау