Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген жұбайы мен ұлын ертіп, Нью-Йоркке кетті (фото)

Айқын мен Жұлдыз бар шаруаны шетке ысырып, қысқы демалысқа аттанды. Жұлдызды жұп мұхит асып, Америка елінен бір-ақ шықты. Бүгінде Айқын жұбайы мен кенже ұлымен бірге Нью-Йорк қаласында саяхаттап жүр, деп хабарлайды Stan.kz.

Айқын Төлепберген жұбайы мен ұлын ертіп, Нью-Йоркке кетті

Айқын да, Жұлдыз да желідегі парақшаларында Нью-Йорк қаласынан сурет жариялады. Төлепбергеннің желіге әлі күнге дейін екінші жарымен бірде бір сурет жүктемегенін айта кетейік. Есесіне Айқын кенже ұлын өзімен ерте кеткенін айтты.

Айқын Төлепберген жұбайы мен ұлын ертіп, Нью-Йоркке кетті

“Менің балаларым жылына 2 реттен дүние жүзінің түкпір-түкпіріне саяхаттап тұрады. Аллаға шүкір, бірақ қай жерде жүрсе де, өз Отанын сүйетін патриоттар болып өсетініне кәміл сенемін”, – дейді ол.

Айқын Төлепберген жұбайы мен ұлын ертіп, Нью-Йоркке кетті

Халық тарапынан бұл жұпқа жазылатын жағымсыз пікірлердің әлі де толастамағанын айта кетейік. Желі қолданушылары арасында Айқын мен Жұлдызды бірге болғандары үшін сынағандар көп.

“Несіне керемет жігіт? Тоқал алып, балаларына қандай үлгі көрсетіп отыр? Қазір олар кішкентай, кейін өскен соң әкелерінің қандай қателік жасағанын түсінеді. Мұндай әкеден балалары не үйренсін”, – дейді Рамазан Жарылқапов есімді оқырман.

Инста-фолловерлер арасында әлі күнге дейін Жұлдызды Айқынның әйелі ретінде қабылдай алмай жүргендер де бар болып шықты.

“Жұлдызбен жүр ма? Өз әйеліңмен бармайсың ба?” – дейді Нұрланқызы есімді қолданушысы.

“Басың қатып екі әйеліңді де алып кеттің ба? Сол жақтан америкалық бір қызды алып келсей”, – деп тиісті Анар Тыныбекова есімді оқырман.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау