Айқын Төлепберген Есентаевадан қалмаудың қамына кірісті
Күні кеше бейнебаянына көп жылдан бері көрсетпеген жарын түсіріп, жұртты таңқалдырған Төлепберген енді Баян Есентаевадан қалмаудың қамына кіріскендей. Ол да елімізге танымал әйгілі продюсер секілді “Insta-байқау” ұйымдастырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірақ бұл жолы жеңімпазға $1000 емес, наурыздың 2-сі күні өтетін концертіне 2 билет табысталады. Аталған байқау туралы әнші өзінің инстаграмындағы парақшасында жазды.
Байқау шартына сәйкес қатысуға ниет білдіргендер Айқынның репертуарындағы кез келген әнін алып, оның кавер нұсқасын орындайды. Артынша 15 секундтық видеоны белгілі бір хэштегтерімен сақтайды. Ал жеңімпазды Төлепбергеннің өзі анықтайды.
Бірнеше сағат қана бұрын басталған байқауға атсалысып үлгерген жандар да бар.
Видео опубликовано Айдын (@aidyn_ja)
Видео опубликовано Айдын (@aidyn_ja)
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әншінің сүйіктісімен қалай танысқаны, оның кім екені туралы жазған болатынбыз.
Талқылау