Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген бірінші әйелінің тұрмысқа шыққанын қаламайтынын айтты

Өзінің отбасындағы жағдай туралы алғаш сұқбат берген әнші Айқын бірінші әйелі Әселдің басқа азаматқа тұрмысқа шығуына қарсы. Бұл туралы ол «Астана» арнасының «Мақпал Мекен» бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Айқын Төлепберген бірінші әйелінің тұрмысқа шыққанын қаламайтынын айтты

Бірінші әйелін барынша мақтаған Айқын онымен тіпті ортақ бизнесі бар екенін мәлімдеді. Жүргізушінің «Әселдің басқа азаматқа тұрмысқа шыққанына қалай қарайсың» деген сұрағына ойланбастан «жоқ» деген әнші көзіне жас алғандай болды.

«Жоқ, оны уақытында Құдай көрсетер. Бірақ қазіргі жауабым жоқ. Әзірге жібермеймін», – деп ары қарай сөзін жалғастырудан бас тартты.

Сонымен қатар, Айқын бағдарлама барысында нумеролог Клара Кузембаеваның өзінің үш рет уйлені туралы айтқаны да сөзіне пікір білдірді.

«Оны өмір көрсетер. Мен не істейтінімді алдын ала білмеймін ғой. Осылай болады деп те ойлаған емеспін. Әр адамның тағдыры Құдайдың қолында. Мен ешкімнің ала жібін аттамадым, қылмыс жасаған жоқпын», – деді Айқын.

Екінші әйелі Жұлдызды ұзатып әкетіп бара жатқан видеосы тарап кеткенін өзі де күтпеген Айқын құрсағында баласын көтеріп жүрген қыздың ата-анасының алдынан өтуі парызы болғанын айтады. Әрі ол видеоны тойды жүргізген тамада таратып жібергенін мәлімдеген әнші журналистердің алдында сылтау іздеп, өтірік сериалдың түсірілі дегенді көмекшісінің ойлап тапқанын жеткізді.

Сұқбат соңында екінші әйелі Жұлдыздың шығармашылығын сөз еткен Айқын оның ән айтатын өнеріне қарағанда актерлік шеберлігін ұнататынын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, алдыңғы материалымызда Айқынның екі әйелін ұқсатқаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау