Айқын Төлепберген: Әртіс өміріңізге нұқсан келтірмесе, оған қарсы шықпағаныңыз жөн

Жуырда Төреғалидың концертіне қарсылық танытқан Қарағанды жастарының әрекеті ғаламторда қызу талқыға түскен еді.

Бұл даулы мәселе бүгінде қазақ өнері өкілдерінің де шошыта бастаған сияқты. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген әртістер, Ұлы дала баласының кешіне тосқауыл қойған қыз-жігіттерді сабырға шақырып жатыр.

«Дұрыс емес деп ойлаймын. Бір рет сүрінген кезі болған шығар. Оған қарсы келіп, өнерді басудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Төреғалидың инстаграмынан да естіп жүрміз, былайда естіп жүрміз.

Жақсы-жақсы концерттер беріп жатыр. Одан кейін халықтан қаншама рет кешірім сұрады. Одан кейін Ақтау, Атырау, Шымкентке де барып келді. Әр адам өзінің үйіндегі нәрсесін жөн деп алсын.

Егер Төреғали сенің өміріңе, сенің денсаулығыңа, жанұяңа нұқсан келтірмесе, оған қарсы шығудың қажеті жоқ. Өнер өз жолын табады. Уақыт барлығын өзі шешеді», – дейді Айқын Төлепберген.

Серік Ибрагимов Төреғалидың басына төнген дауға нүкте қойылса деген тілекте. Әріптесінің ән кешіне қарсылық білдірген белсенділерге саксафоншы жігіттің жауабы мынадай…

«Мен енді Төреғалидың жағдайына қатты араласып, өзімнің ойымды айтатындай ақылгөй, үлкен бір орта буындағы аға емеспін де.

Сол Төреғалидың заманында, сол Төреғалимен бірге сахнаға шықтым. Ер жігіттің басында неше түрлі нәрселер болады ғой.

Ең бастысы біраз халық кешірді деп ойлаймын. Әлі де кешіреді. Өзінің әнін де, сөзін де жеткізіп жатыр. Қарсылық білдіретін 3-4 адам болады ғой. Мен барлығы қарсы болып жатыр деп ойламаймын. Сондықтан Төреғалиды кешіріңіздер», – дейді Серік Ибрагимов.

Ал, Оразымбетова Төрешті кішкентай кезінен жақсы таниды. Тіпті қос әншінің дуэті сәтті шыққан туындылардың тізімінде.

Бүгінде Гүлнұр ханым жерлесі жайлы жаңалықтардың барлығынан хабардар болып отырады екен. Қарағандыдағы халықтың әрекетін сыр өңірінің сылқымы «қисынсыз» – деп сынап тастады.

«Негізі Төреғалидің концертіне тек Қарағанды да емес, басқа қалаларда да қарсы болып жатыр екен деп естігенмін. Бірақ сол «концертін өткізбейміз» – деген қалалардағы залда халық лық толы.

Сол баяғыда Төреғалидың әнін жақсы көретін, өзін жақсы көретін тыңдармандары қалған сияқты. Енді қанша миллион халықпыз. Оның барлығына ұнау мүмкін емес қой. Қателеспейтін адам болмайды.

Алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Сондықтан да Төреғалиды даттап, қаралап, ор қазып, артық сөз айтудың қажеті жоқ сияқты. Ол талантты адам. Ол мәңгілік талантты ғой.

Бүгін қателік жібергенімен, одан шығудың жолдарын іздеп жатыр ғой. Мысалы, өнерді тастап кетіп қалған жоқ. Басқа бір жаман тірліктермен айналысып кеткен жоқ. Ол адам болатын жағын, халыққа қайтсем де жақсы жағымнан көрінемін, бұрынғы атымды қайтадан қорғап аламын деген жолда жұмыс істеп жатыр.

Меніңше «Қатеміді кешіріңдер» деп аталған концерттің өзі үлкен қадам. Халыққа деген құрметі», – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Айта кетейік, Төреғали Төреғәлінің Қарағанды қаласындағы концерті наурыз айының 21-ші жұлдызына жоспарланып отыр. Атышулы әншінің кеші «Қатемді кешіріңдер» деп аталады.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде әскери қызметкер жалдамалы жұмысшысын өлтірген

Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Қорылдаған адам ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар