Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ксерокөшірме: Айқын Төлепберген алғаш рет тұңғышын көрсетті

Айқын Төлепберген жеке өмірі мен отбасын халықтан жасыратын танымалдардың қатарында. Осыдан бірер ай бұрын экс-продюсері Айқынның тұңғышы Аңсардың фотосын жариялаған болатын. Алайда өнер иесінің қолқа салуымен, Тәстембеков аталған суретті қайта өшірген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айқын Төлепберген алғаш рет тұңғышын көрсетті

Десе де, аталған фото әлеуметтік желілер мен БАҚ құралдарында тарап кетті. Жасырудың мәні қалмағанын түсінсе керек, Айқын күні кеше тұңғышының суретін өзі жариялады.

“Нұртан Аңсар Айқынұлы! Балам жаттығуға үлгермеді, сондықтан бүгін джиу-джитсу емес, бокс болды. Жеке жаттықтырушысы – әкесі. Тұңғышым 6-ға толды, жақында 1-сыныпқа барады” – деп қуанышымен бөлісті Айқын.

Желі қолданушылары Аңсардың Айқынның өзіне ұқсағанын айтқан.

“Өзіңізден аумайды екен”, “Ксерокөшірме”, – деп таңданды олар.

Бейресми деректерге сүйенсек, Айқынның алғашқы некесінен бір ұл, бір қызы бар. Сондай-ақ, Төлепбергеннің КешYou тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалиден бір ұлы бар деседі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау