Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын театр мәдениетін сақтамайтын көрерменге шүйлікті

Кейбір отандық әншілер, тығыз кестесіне қарамастан, театрға бас сұғып тұрады екен. Тіпті, Айқын бұл өнер ордасындағы этика жайлы жатқа айтып берді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Әйтеуір, спорттық киіммен бармасаң болды ғой. Жақсы, әдемі, «кэжуал» барсаң да театрға жақсы. Ең бастысы телефон өшіріп тастау керек. Кинотеатрда телефонмен сөйлесе алсаң, театрда адам сөйлеп жатқан кезде, адамды тоқтатып сөйлесу мүлде мәдениетсіздікке жатады”, – дейді Айқын.

Әдеп сақтамайтын көрерменге өз наразылығын білдірген Айқынның ең соңғы тамашалағаны – «Құстар фестивалі» қойылымы. Әнші, көбіне мәдениет ордасына жұмыс бабымен бас сұғады екен.

“Негізі, театрға көбіне клип үсіруге барамыз. Түсірілімге барамыз. Мысалы, концерт жасағанда реквизит сұрап аламыз. Сондай жағдайлармен барамыз көбіне”, – дейді Айқын.

Отандық шоу-бизнестің танымал сүрбойдағы Кентал, ең соңғы рет қашан театр табалдырығын аттағанын еске түсіре алмай дал болды.

“Соңғы рет білмеймін енді, бес жыл бұрын барған шығармын. А жоқ, соңғы рет екі жыл бұрын бардым. ТЮЗ-ға бардым. Көрдім, қызық болды. Массоны туралы, шетелдік қойылымды біздікілер көрсеткен”, – дейді Кентал.

Оқи отырыңыз: 

Алдай салу керек: Қайрат Нұртас қырсық мінезді тыңдармандарымен қалай күресетінін айтты

Қол жұмсауға мәжбүрлемеңдер: Майғазиев “хайптың” жетегінде кеткен танымалдарға соңғы ескерту жасады

Рүстем Жүгінісов алғаш рет әке атанды (видео)

Қайрат Нұртастың әнін шырқаған үнді азаматы көпшілікті таңғалдырды (видео)

 

Талқылау