Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын қазақ журналистерінің ашуын келтірді

Әнші Айқын Төлепберген наурыздың 2-сі күні өткен концертіне қонақтардан бөлек журналист қауымын шақырып, артынша орын бермей қойған.

ajkyn_tolepbergen

Бұл туралы “Айқын” газеті жазды.

Төлепберген бірнеше айдан бері жеке кешінің өтетіндігін жарнамалап, қала ішіне хабарландыру іліп, тіпті жеңімпазға концертіне билет берілетін сайыс ұйымдастырған-ды. Мұнымен қатар, инстаграмдағы парақшасы арқылы журналист қауымын да шақырған. Алайда кешке барған журналистерге Айнұр есімді көмекшісі сұхбаттан кейін қайта берулеріне болатындығын айтқан.

“Айқын” газетінің тілшісі Нұрсұлу Мырзахметова өз мақаласында: “Кеше әнші Айқын Төлепберген концерт берді. Қала ішіндегі жарнамалар да елең еткізбей қоймады. Бірақ “концерт берді” дегені былай тұрсын, кешкі 19.30-да басталатын концертке журналистерді шақырып алып, орын бермей қуып шыққандай болды”, – деп БАҚ өкілдеріне лайық сый-құрмет көрсетілмегендігі туралы жазды. Журналистің бұл наразылығына концерт ұйымдастырушыларының ақпараттық қолдау көрсету үшін барған журналистерге орын да, билет те қарастырмауы себеп болса керек.

ывув

“Өзін Айнұр деп таныстырған баспасөз хатшысының бізге айтқаны сол. Сөзі “интервью алып болсаңдар, қайта бер” дегенге сайды. Мұндай ұйымдастыруға аң-таң қалдық”, – дейді басылым тілшісі. Ары қарай  “Журналистерге хабарландыру тастар алдында неге бұл нәрсе ойластырылмаған? Ал барлық журналистке орын табылмайтын болса, неге шектеусіз бәрін қаз-қатар “аккредиттей” берген? Өйткені аккредитациядан өтпеген журналист қана шара өтетін жерге кіре алмауы мүмкін. Аккредиттеу дегеннің өзі журналисті тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттік органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы. Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 23 маусымдағы бұйрығы да бар. Сондықтан ақпараттық қолдау көрсету мақсатымен редакциядан рұқсат алып, белгілі бір шараға қатысу үшін аккредитациядан өттің бе, демек, журналист сол жерден ақпарат алуына құқылы, әрі журналистің ақпарат алуына мүмкіндік жасалуы қажет”, — деп ашынды журналист.

Бұдан өзге “Айқын Төлепбергеннің концертіне дейінгі аккредитация өту арқылы қатысып жүрген шаралардың, мейлі ол концерт, не конференция болсын барлығында да журналистің ақпарат алуына толықтай жағдай жасалып, ұйымдастыру жұмыстарына сын келтірген емес. Әлде Айқын мұндай жүйеден хабарсыз ба? Жаңалық жаршысы журналистердің концертке қатыса алмай қалғанымен баспасөз хатшысының шаруасы жоқ. Концерт басталып кеткеніне 10-15 минут өтіп кеткеннен кейін, өзіміздің залға кірумізді сұраған соң бірақ, абыр-сабыр кезде бас директордан орын сұрап бермекші. Оның өзінде директордың босағанын күтуіміз керек екен. Сонда Айқын Төлепберген мен көмекшілерінің журналистер жұмысын елемегені ме?” — деп журналист Нұрсұлу Мырзахметова наразылығын білдірді.

Безымянный

Әнші расымен журналист қауымының қызметін елемеді ме, әлде мұның барлығы билет тапшылығынан болды ма ол жағы әзірге беймәлім.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Айқын Төлепбергеннің Лондон сахнасында ән шырқайтыны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау