Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын екі бірдей үйін несиеге алғанын мойындады

Сырт көзге уайымсыз өмір сүріп жүрген жұлдыздар да несие алуға мәжбүр. Мәселен, Айқын баспана алатын кезде ақшасы жетпей, банктен қарыз алған көрінеді. Оны қайтару үшін біраз қиналған әнші лажы болса несие алмауға кеңес береді.

Айқын екі бірдей үйін несиеге алғанын мойындады

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Құдай сақтасын. Кредит деген қиын нәрсе негізі. Керекті нәрсеге алмаса кредитті. Мысалы мен алғаш үйімді алғанда, кредит 20 мың доллар жетпей тұрды да. Сол 20 мың долларды, мен кредитқа алғанмын”, – дейді Айқын.

Айқын екінші үйін де дәл осылай, үлкен пайызбен несиеге алған екен. «Алайда, белгілі бір жерде қызмет етпеген соң, өнер иелеріне банк қалайша қомақты қаржыны ұстата салды» – деген, сауал еріксіз пайда болады. Бұған жұлдыздардың берер жауабы мынау:

«Пенсионный» бар менде, «ИП» бар. Әр ай сайын бухгалтерге өткізіп салады. Біз «налоговыйға» өткізіп салады. Мен мысалы былтыр, 300 мың тг-дей «налог» төледім бір жылға. Сондықтан біз налог төлеп тұрамыз. «ИП-мыз» да бар, «пенсионный отчисления» да бар”, – деп түсіндірді Айқын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау