Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын досы Дастан Оразбековтің идеясын ұрлады деп сынға қалды

Жары Жұлдызды тағы бір мәрте клипке түсірген Айқынның басы дауға қалды. Желі қолданушылары бірінші әйелін тастап, Жұлдызға әр бейнеклипінде “пиар” жасап жүрген Айқынға ашулы. Одан бөлек, көзі қарақты көрермен Айқынды өзінің жақын досы Дастан Оразбековтің идеясын ұрлады деп айыптауда.

Айқын досы Дастан Оразбековтің идеясын ұрлады деп сынға қалды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тыңдармандар Дастан Оразбековтің “Сенің бейнең” әнбаяны мен Айқынның туындысынан ұқсастық тапқан. Тек көпшілік Дастан жалғыз өмірлік жарын, ал Айқын “тоқалын” клипке түсіріп қоймады деп сөгуде.

“Айқын, мұның не? Дастан Оразбековтің клипінің идеясын көшіріп алыпсың. Негізінде ол өзінің жалғыз сүйікті әйелінің суретін салған. Ал сен бір адамнан екінші адамған. Мына әйеліңмен өзіңді жоғалтып алдың. Қазіргі “музаң” саған шабыт бермей жүрген сияқты. Пахылдап, охыңдап коймадыңдар ғой. Әйелің мен екі балаңның сезімі сен үшін түкке тұрмай ма? “Бақыт тынышқтықты қалайды” деген сөздерің қайда қалды? Жаңа әйеліңмен қуанып жүргеніңді көрсетіп қоймайсың. Сонда өз сөзіңді екі еткенің ба?

Әрине, бұл сенің шығармашылығың. Бірақ сен аудиторияңды жоғалтып барасың. Мен сенің әндеріңді сүйіп тыңдайтын едім. Сонай “супер стар” кезінен жақсы көретінмін. Антракт кезінде автограф беруші едің, бір жолы саған қолым жетіп, төбем көкке екі елі жетпеді. Соны бәріне айтып мақтанатынмын. Ех, менің балалық шағымның кумирі, не болды саған? Адам ретінде Әселді, балаларды қатты аяймын. Жаңа әйеліңмен қамсыз ғұмыр кешіп жатқаныңды көрсете берудің қажеті жоқ. Өз сүйкіміңді кетірмесеңші одан әрі”, – дейді ашынған Айқынның экс-фанаттарының бірі.

“Сізбен толықтай қосыламын. Ол өзін жоғалтып алды. Оны қатты аяймын”, – деп оның пікірін қоштады екіншісі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау