Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын: «Алтыным» әнін орындамасам, халық тәпішке лақтырады (видео)

Жүрген жерін той-думанға ұластыратын әншілердің бірі – Айқын. Күні кеше Шымкент қаласында концерт берген ол «Алтыным» әні орындалмаса, халықтың тәпішке лақтыратынын айтып, қалжыңдады.

13277513_890754794401259_904760283_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Циркте ән айтқан қызық, біреуге алдымен айтсаң, біреуге арқамен тұрып қаласың…Бірақ мен амалын таптым. Шымкент ыстыыыық ықыласпен қарсы алды. Рахмет… Бұл әнді орындамасам, xалық тәпішкелерімен лақтырып тастайды», – деп жазды Айқын желідегі парақшасында.


 Айқын Төреғали мен Фарида Жолдасованың орындауындағы «Қыдырып қайтайық» әнін алғаш рет өз концертінде орындаған. Естеріңізде болса, Айқын аталмыш әнді Ұлы дала баласының концертінде орындап, ұнатып қалған еді. Ұлықпан Жолдасов пен Төреғалидің рұқсатын алған ол алдағы уақытта осы туындыны репертуарына қосып алатынын да тілге тиек еткен.

13658495_252511491800454_1385784138_n

Айқынның аталмыш әнді орындауына тыңдармандардың кейбірі тәнті болса, енді бірі «бұл әнді айтпай-ақ қойшы», «әннің нақышын бұздың ғой», – деп сынады.

Жіберіп алмаңыз: 

Айқын желі қолданушыларын «алдады»

Айқын Төлепберген тәртіп сақшыларын әжуалады

Айқын келіншегінің өмірлік сырласына айналғанын айтып, оған ән арнады (фото, видео)

Әйеліне қымбат жүзік сыйлаған Айқынды жұрт шалыс басты деп болжады

 

Талқылау