Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Алматыда тегін концерт бермек

Айқынның әнін сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Әдетте, Төлепбергеннің кешіне билет таппай сарылсаңыз, бұл жолы кумиріңіз тегін концерт қойып бермек.

Айқын Алматыда тегін концерт бермек

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Айқын кезекті концертін мамыражай мамырдың алғашқы күніне белгілепті. Оңтүстік астана тұрғындары мен қала қонақтарына арналған шоу ашық аспан астында өтеді.

“Алматы қаласында тегін концерт берейін деп жатырмын. Сол үлкен жоспар бар. Республика сарайының алдында, үлкен сахна құрып «open air» концерт жасау ойда бар Алла қаласа. Республика сарайының ішіне емес ақшаға, сыртына тегін концертті тамашалауға шақырамын”, – дейді Айқын.

Осы жылы тыңдармандарына тегін концертті өткізу, Айжан Нұрмағамбетованың да жоспарында бар. Өнер әлеміндегі 40 жылдығын Алматыдағы зәулім сарайда тойлауға бекінген әнші, мыңдаған билеттерді көңілі жабырқау балақайларға сыйға тартуға ниетті.

“Үш мың орын болса, мың билетті мен 10 шақты балалар үйлеріне үлестіремін. Ал, ең қымбат алдыңғы қатардағы 500 орын, ол өзімнің әріптестеріме, ақын, композиторларға кетеді. 2005-ші жылы да солай істедім, 2010-шы жылы да солай істедім”, – дейді әнші.

Әнсүйер қауымға ақысыз кеш өткізу, отандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында белең ала бастағандай… Осы уақытқа дейін тегін концерт беруде рекорд орнатқан Серікбол Сайлаубек сыңайлы.

“Бір 300-ден астам тегін концерттерімізді бердік. Халықтың ақшасын емес, батасын жинадық. Өйткені, кейбіреулердің билет алып кіруге ақшасы бар болса, енді бірінің қалтасы көтермейді”, – дейді Серікбол.

Тағы оқыңыз: 

Диана Шарапова “есімімді өзгерттім” деп халықты алдаған

Аша Матай «Қалаулымның» екінші маусымы түсірілетінін мәлімдеді

Алтынай Жорабаева Астана төрінен хан сарайындай зәулім үй алды (видео)

Сот төрағасына ескерту: Алагөзова сот жүйесі туралы бар шындықты жайып салатынын айтып қорқытты

 

 

Талқылау